Сабақ жоспарлары / Физика
Атом ядросы. Ядроның нуклондық моделі - Физика, 11 сынып, 56 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Атом ядросы. Ядроның нуклондық моделі.Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І.ДКҰйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша атом ядросымен ядродағы нуклондардың байланыс энергиясымен танысамыз.
Атом ядросының байланыс энергиясы
Ядролық физикада аса маңызды рөл атқаратын ұғым ядроның байланыс энергиясы. Байланыс энергиясы ядроның орнықтылығын түсіндіруге, ядролық энергияның бөлініп шығуына келтіретін қандай процестер екенін айқындауға мүмкіндік береді.
Нуклондар ядро ішінде ядролық күштермен мықтап ұстасқан. Нуклонды ядродан бөліп алу үшін, зор жұмыс істелуі керек, яғни ядроға едәуір энергия беру керек.
Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз — ядроны түгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажет энергия. Энергияның сақталу заңының негізінде жеке бөлшектерден ядро түзілгенде бөлініп шығатын энергия байланыс энергиясына тең деп сенімді түрде айтуға болады. Атом ядроларының байланыс энергиясы өте көп. Бірақ оны қалай табу керек?
Қазіргі кезде байланыс энергиясын атомдағы электрондар үшін жасалғандай етіп теориялық жолмен есептеу мүмкін емес. Осыған сәйкес есептеулерді тек масса мен энергияның арасындағы Эйнштейн қатынасын қолданып қана орындауға болады:
(1)
Ядроның массаларын өте дәл өлшеулер ядроның тыныштық массасы МЯ әрқашан оны құраушы протондар мен нейтрондардың тыныштық массаларының қосындысынан кем болатындығын көрсетті:
(2)
Массалар ақауы дейтін болады: массалардың айырымы оң сан:
Мысалы, гелий үшін ядроның массасы екі протон мен екі нейтрон массаларының қосындысынан 0,75% кем. Соған сәйкес гелийдің бір молі үшін
Нуклондардан ядро пайда болғанда массаның кемуі, бұл жағдайда осы нуклондар жүйесінің энергиясы Ебайланыс энергиясының шамасына кемитіндігін көрсетеді:
(3)
Бірақ мұнда Е бай энергиясы мен DМ масса қайда кетеді?
Бөлшектерден ядро түзілгенде бөлшектер, ара қашықтық үлкен болмағанда, ядролық күштер әсерінің есебінен бір-біріне орасан зор үдеумен ұмтылады. Мұнда шығарылатын -кванттың энергиясы Е бай, ал массасы
болады. Байланыс энергиясы шамасының қаншалықты үлкен екендігін мысалмен түсіндіруге болады: 4г гелий пайда болғанда шығатын энергия мен 1,5-2 вагон тас көмір жанғанда бөлініп шығатын энергияға тең болады.
Меншікті байланыс энергиясының массалық А санға тәуелділігіне қарап ядролардың қасиеттері жөнінде негізгі ақпарат алуға болады.
Меншікті байланыс энергиясы деп ядроның бір нуклонына сәйкес келетін байланыс энергиясын атайды. Оны эксперимент жүзінде анықтайды.
Ең жеңіл ядроларды есептегенде меншікті байланыс энергиясы шамамен тұрақты және 8 МэВ/нуклонға тең екені 1-суреттен жақсы көрінеді. Сутегі атомындағы электрон мен ядроның иондау энергиясына тең байланыс энергиясы ол шамадан миллион есе дерліктей кіші.
1-суреттегі қисық максимум мәнге жетпеген. Максимал меншікті байланыс энергиясы (8 МэВ/нуклон) болатындар массалық сандары 50-ден 60-қа дейінгі элементтер болып келеді. Бұл элементтердің ядролары ең орнықты.
Z-тің өсуіне қарай протондардың кулондық тебілу энергиясы артатын болғандықтан, ауыр ядролардың меншікті байланыс энергиясы кемиді. Кулондық күштер ядроны жаруға тырысады.
Ядродағы бөлшектер бір-бірімен күшті байланысқан. Бөлшектердің байланыс энергиясы масса ақауымен (дефектісі) анықталады.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§8.1, 8.2, 8.3. дайындық сұрақтарын талдау.
Есептер шығару. 8.1.1., 8.2.1., 8.2.2., 8.3.1-8.3.7
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §8.1, 8.2, 8.3 Есептер 8.1.3., 8.2.3., 8.2.4., 8.3.8-8.3.10
- Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Атом ядросымен ядродағы нуклондардың байланыс энергиясын таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І.ДКҰйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша атом ядросымен ядродағы нуклондардың байланыс энергиясымен танысамыз.
- Сызықтық оптика деген не?
- Сызықтық емес оптика құбылыстарының ерекшелігі неде?
- Көпфатонды процесс жайлы не білесіңдер?
Атом ядросының байланыс энергиясы
Ядролық физикада аса маңызды рөл атқаратын ұғым ядроның байланыс энергиясы. Байланыс энергиясы ядроның орнықтылығын түсіндіруге, ядролық энергияның бөлініп шығуына келтіретін қандай процестер екенін айқындауға мүмкіндік береді.
Нуклондар ядро ішінде ядролық күштермен мықтап ұстасқан. Нуклонды ядродан бөліп алу үшін, зор жұмыс істелуі керек, яғни ядроға едәуір энергия беру керек.
Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз — ядроны түгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажет энергия. Энергияның сақталу заңының негізінде жеке бөлшектерден ядро түзілгенде бөлініп шығатын энергия байланыс энергиясына тең деп сенімді түрде айтуға болады. Атом ядроларының байланыс энергиясы өте көп. Бірақ оны қалай табу керек?
Қазіргі кезде байланыс энергиясын атомдағы электрондар үшін жасалғандай етіп теориялық жолмен есептеу мүмкін емес. Осыған сәйкес есептеулерді тек масса мен энергияның арасындағы Эйнштейн қатынасын қолданып қана орындауға болады:
(1)
Ядроның массаларын өте дәл өлшеулер ядроның тыныштық массасы МЯ әрқашан оны құраушы протондар мен нейтрондардың тыныштық массаларының қосындысынан кем болатындығын көрсетті:
(2)
Массалар ақауы дейтін болады: массалардың айырымы оң сан:
Мысалы, гелий үшін ядроның массасы екі протон мен екі нейтрон массаларының қосындысынан 0,75% кем. Соған сәйкес гелийдің бір молі үшін
Нуклондардан ядро пайда болғанда массаның кемуі, бұл жағдайда осы нуклондар жүйесінің энергиясы Ебайланыс энергиясының шамасына кемитіндігін көрсетеді:
(3)
Бірақ мұнда Е бай энергиясы мен DМ масса қайда кетеді?
Бөлшектерден ядро түзілгенде бөлшектер, ара қашықтық үлкен болмағанда, ядролық күштер әсерінің есебінен бір-біріне орасан зор үдеумен ұмтылады. Мұнда шығарылатын -кванттың энергиясы Е бай, ал массасы
болады. Байланыс энергиясы шамасының қаншалықты үлкен екендігін мысалмен түсіндіруге болады: 4г гелий пайда болғанда шығатын энергия мен 1,5-2 вагон тас көмір жанғанда бөлініп шығатын энергияға тең болады.
Меншікті байланыс энергиясының массалық А санға тәуелділігіне қарап ядролардың қасиеттері жөнінде негізгі ақпарат алуға болады.
1 сурет |
Ең жеңіл ядроларды есептегенде меншікті байланыс энергиясы шамамен тұрақты және 8 МэВ/нуклонға тең екені 1-суреттен жақсы көрінеді. Сутегі атомындағы электрон мен ядроның иондау энергиясына тең байланыс энергиясы ол шамадан миллион есе дерліктей кіші.
1-суреттегі қисық максимум мәнге жетпеген. Максимал меншікті байланыс энергиясы (8 МэВ/нуклон) болатындар массалық сандары 50-ден 60-қа дейінгі элементтер болып келеді. Бұл элементтердің ядролары ең орнықты.
Z-тің өсуіне қарай протондардың кулондық тебілу энергиясы артатын болғандықтан, ауыр ядролардың меншікті байланыс энергиясы кемиді. Кулондық күштер ядроны жаруға тырысады.
Ядродағы бөлшектер бір-бірімен күшті байланысқан. Бөлшектердің байланыс энергиясы масса ақауымен (дефектісі) анықталады.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§8.1, 8.2, 8.3. дайындық сұрақтарын талдау.
- Периодтық жүйедегі элементтің реттік нөмірі оның ядросының зарядымен қалай байланысқан?
- Массалық сан дегеніміз не?
- Атом ядросының радиусын қалай есептейді?
- Пратон қалай ашылды?
- Изабаралар деп нені айтады?
- Нуклондар және нуклидтер дегеніміз не?
- Атом ядросында кулондарды қандай күш ұстап тұр?
- Масса ақауы дегеніміз не?
Есептер шығару. 8.1.1., 8.2.1., 8.2.2., 8.3.1-8.3.7
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §8.1, 8.2, 8.3 Есептер 8.1.3., 8.2.3., 8.2.4., 8.3.8-8.3.10
Онлайн жүктеп алу:
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: