Сабақ жоспарлары / Физика

Бор пастулаттары. Сутегі атомының Бор жасаған моделі. - Физика, 11 сынып, 47 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бор пастулаттары. Сутегі атомының Бор жасаған моделі.
Бор пастулаттары. Сутегі атомының Бор жасаған моделі. - Физика, 11 сынып, 47 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Сутегі атомының Бор жасаған моделімен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:   Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 
Сабақтың барысы:
І.ДКҰйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру. 
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.   
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Сутегі атомының Бор жасаған моделімен танысамыз. 
  1. Қандай тәжірибелер атом құрылымының күрделі екенін көрсетеді?
  2. Сызықтық спектр дегеніміз не?
  3. Сутегі спектрінде қандай сериялар бар?
  4. Атомның қандай күйлерін стационар күйлер деп атайды?
  5. Энергетикалық диаграмма деген не?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 
Бор жасаған сутегі атомының моделі. Жарық жұтылуы
Ньютон механикасының заңдарын және мүмкін болатын стационар күйлерді иеленетін кванттау ережесін пайдаланып, Бор электрон орбиталарының қажетті радиустары мен стационар күйлер энергиясын есептеп шығара алды. Орбитаның ең кіші радиусы атомның өлшемдерін анықтайды. 1, а, б-суреттерде стационар күйлер энергиясы (электрон-вольтпен есептелген) вертикаль осьтерге өлшеп салынған.
1-сурет
Бордың екінші постулаты стационар күйлер энергиясының белгілі мәндері бойынша сутегі атомы шығаратын сәуленің жиілігін есептеп шығаруға мүмкіндік берді. Бор теориясы осы жиіліктердің мәндеріне арналған экспериментпен сандық тұрғыда үйлесуге келтіреді. Сутегі атомы шығаратын сәулелердің барлық жиіліктері сериялар қатарын құрады, олардың әрқайсысы атом барлық жоғары энергетикалық күйлерден (энергиясы көп күйлер) кейбір энергетикалық күйге (екінші энергетикалық деңгейге) өткенде Бальмер сериясы түзіледі. 1, а-суретте бұл ауысулар бағыттауыштармен кескінделген. Сутегі спектрінің көрінетін бөлігіндегі қызыл, жасыл және екі көк сызық (3-түсті жапсырма, V сурет) мынадай ауысуларға сәйкес келеді:
,          ,
, және .
Берілген серия Швейцар мұғалімі И. Бальмер есімімен аталған, ол тіпті 1885 жылы эксперимент негізінде сутегі спектрінің көрінетін бөлігінің жиіліктерін анықтау үшін қарапайым формула тағайындады.
Жарық жұтылуы. Жарықтың жұтылуы - сәуле шығаруға кері процесс. Атом, жарықты жұта отырып, төменгі энергетикалық күйлерден жоғарғыға өтеді. Бұл жағдайда жұтылатън жарықтың жиілігі атом жоғарғы энергетикалық күйлерден төмендегілеріне өткенде шығаратын жарықтың жиілігіндей болады. 1, б-суретте атомның бір күйден екінші күйге жарық жұта отырып өтуі бағыттауыштармен кескінделген.
Екі постулат пен кванттау ережесі негізінде Бор сутегі атомының радиусын және атомның стационар күйлерінің энергиясын анықтады. Бұл атомның шығаратын және жұтатын электромагниттік толқындарының жиіліктерін есептеуге мүмкіндік берді.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§7.3, 7.4 дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Стационар орбита үшін қандай шарт орындалады.
  2. Сутек тектес атом деп нені айтамыз?
  3. Бор теориясы атомдық газдардың сызықтық спектрлерін қалай түсіндіреді?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Есептер шығарту. 7.4.1-7.4.3.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §7.3,  Есептер шығарту. 7.4.4-7.4.5.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: