Сабақ жоспарлары / Физика
Радиактивті сәулелердің биологиялық әсері - Физика, 11 сынып, 66 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Радиактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша радиактивті сәулелердің биологиялық әсерімен танысамыз.
Тірі клетка - бұл тіпті жеке бөліктері аз ғана зақымдалғанның өзінде өзінің қалыпты тіршілігін әрі қарай жалғастыра алмайтын күрделі механизм. Ал әлсіз сәуле шығарудың өзі-ақ клеткаға қауіпті дертке шалдықтыруға (сәуле ауруына) шығарудың нәтижесінде тірі организмдер өледі. Сәуле шығарудың қауіптілігі сол, олар тіпті өлтірерлік дозаның өзінде де ешқандай ауырғандық сезімін туғызбайды.
Сәуле шығарудың биологиялық объектілерді білдіру механизмі әлі жеткілікті зерттелмеген. Бірақ олардың атомдар мен молекулаларды иондайтындығы және бұл олардың химиялық активтігін өзгертетіндігі анық. Сәуле шығаруға клеткалардың, әсіресе тез бөлінетін клеткалардың ядросы өте сезімтал. Сондықтан сәуле шығару организмде ең алдымен жұлынға зақым келтіреді, соның салдарынан қанның пайда болу процесі бұзылады. Одан әрі ас қорыту жолының және тағы басқа органдардың бүлінуі басталады.
Сәулелену тұқым қуалауға күшті әсерін тигізеді. Көбінесе бұл әсер жағымсыз болады.
Тірі организмдерді сәулелендіру белгілі бір пайда да келтіре алады. Қатерлі ісіктің (рактың) тез көбейетін клеткалары сәулеленуге, қалыпты клеткалалардан гөрі, сезімтал болады. Радиоактивті препараттың -сәулелерінің рак ісіктерін қайтаруы осыған негізделген. Мұндай мақсаттар үшін, бұрын пайдаланып келген рентген сәулелерінен гөрі, бұлар анағұрлым тиімді.
Қорғаныстың ең қарапайым әдісі - қызметшіні сәуле шығару көзінен жеткілікті қашықтыққа алыстату. Тіпті ауадағы жұтылуды есептемегеннің өзінде радиацияның интенсивтігі жарық көзінен қашықтықтың квадратына кері пропорционал болып кемиді. Сондықтан радиоактивтік препараттары бар ампуланы қолмен ұстамау керек. Ұзын сабы бар арнаулы қысқыштарды пайдаланған жөн.
Сәуле шығару көзінен өте алыстап кетуге мүмкіндік болмаған жағдайда сәулелерден сақтануға арналған бөгетті жұтатын (сіңіргіш) материалдардан жасайды.
Өтімділік қабілеті күшті болғандықтан, - сәулелер мен нейтрондардан қорғану анағұрлым күрделі, -сәулелерді ең жақсы жұтқыш қорғасын болып табылады. Баяу нейтрондарды бор мен кадмий жақсы жұтады. Шапшаң нейтрондар алдын ала графиттің жәрдемімен баяулатылады.
Чернобыль АЭС-індегі апаттан кейін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік энергетикалық реакторларлардың қауіпсіздігі бойынша қосымша шаралар қабылдауға ұсыныс жасады. Бұл қосымша шаралар бір киловатт-сағат электр энергиясын алуға жұмсалатын шығын мөлшерінің біршама артып кетуіне әкеліп соқты. АЭС-те жұмыс істейтіндерге қатаңырақ тәртіп тағайындалды.
Чернобыль АЭС-індегі апат радиоактивті сәулелердің аса қауіпті екенін көрсетті.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§8.12 дайындық сұрақтарын талдау.
Есептер шығару.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §8.12
- Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Радиактивті сәулелердің биологиялық әсерімен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша радиактивті сәулелердің биологиялық әсерімен танысамыз.
- Термоядролық синтез дегеніміз не?
- Жұлдыздар сөне ме?
- Реакциядағы энергетикалық шығу қай жағдайда артық болады: ядролардың бөлінуінде ме әлде синтезінде ме?
- Неліктен жұлдыздарда термоядролық реакция өздігінен жүре алмайды?
- Термоядролық энергетиканың неліктен болашағы зор?
РАДИОАКТИВТІ СӘУЛЕЛЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
Радиоактивті заттардың сәуле шығаруы тірі организмдердің бәріне орасан зор әсер етеді. Толық жұтылғанда дененің жалпы температурасын 0,001°С жоғарылататын әлсіз сәуленің өзі организм клеткаларының тіршілігін бұзуға жеткілікті.Тірі клетка - бұл тіпті жеке бөліктері аз ғана зақымдалғанның өзінде өзінің қалыпты тіршілігін әрі қарай жалғастыра алмайтын күрделі механизм. Ал әлсіз сәуле шығарудың өзі-ақ клеткаға қауіпті дертке шалдықтыруға (сәуле ауруына) шығарудың нәтижесінде тірі организмдер өледі. Сәуле шығарудың қауіптілігі сол, олар тіпті өлтірерлік дозаның өзінде де ешқандай ауырғандық сезімін туғызбайды.
Сәуле шығарудың биологиялық объектілерді білдіру механизмі әлі жеткілікті зерттелмеген. Бірақ олардың атомдар мен молекулаларды иондайтындығы және бұл олардың химиялық активтігін өзгертетіндігі анық. Сәуле шығаруға клеткалардың, әсіресе тез бөлінетін клеткалардың ядросы өте сезімтал. Сондықтан сәуле шығару организмде ең алдымен жұлынға зақым келтіреді, соның салдарынан қанның пайда болу процесі бұзылады. Одан әрі ас қорыту жолының және тағы басқа органдардың бүлінуі басталады.
Сәулелену тұқым қуалауға күшті әсерін тигізеді. Көбінесе бұл әсер жағымсыз болады.
Тірі организмдерді сәулелендіру белгілі бір пайда да келтіре алады. Қатерлі ісіктің (рактың) тез көбейетін клеткалары сәулеленуге, қалыпты клеткалалардан гөрі, сезімтал болады. Радиоактивті препараттың -сәулелерінің рак ісіктерін қайтаруы осыған негізделген. Мұндай мақсаттар үшін, бұрын пайдаланып келген рентген сәулелерінен гөрі, бұлар анағұрлым тиімді.
Сәуле шығару дозасы.
Сәуле шығарудың тірі организмдерге тигізетін әсері шығарылған сәуленің дозасымен сипатталады. Шығарылған сәуленің жұтылған дозасы деп иондаған сәуле шығарудың жұтылған Е энергиясының сәулеленген заттың массасына қатынасын айтады:(6)
Бірліктер жүйесінде сәуле шығарудың жұтылған дозасын грэймен (қысқаша: Гр) өрнектейді. Массасы 1 кг сәулеленген затқа иондаған сәуле шығарудың 1 Дж энергиясы берілгендегі сәуле шығарудың жұтылған дозасы 1 Гр-ге тең:Организмді сәулеленуден сақтау
Кез келген радиация көзімен (радиоактивті изотоптар, реакторлар т.б.) жұмыс істегенде сәуле әсері бар аймаққа кездесіп қалу мүмкіндігі бар адамдардың бәрінің радиациядан қорғаныс шаралары орындалуы талап етілуі қажет.Қорғаныстың ең қарапайым әдісі - қызметшіні сәуле шығару көзінен жеткілікті қашықтыққа алыстату. Тіпті ауадағы жұтылуды есептемегеннің өзінде радиацияның интенсивтігі жарық көзінен қашықтықтың квадратына кері пропорционал болып кемиді. Сондықтан радиоактивтік препараттары бар ампуланы қолмен ұстамау керек. Ұзын сабы бар арнаулы қысқыштарды пайдаланған жөн.
Сәуле шығару көзінен өте алыстап кетуге мүмкіндік болмаған жағдайда сәулелерден сақтануға арналған бөгетті жұтатын (сіңіргіш) материалдардан жасайды.
Өтімділік қабілеті күшті болғандықтан, - сәулелер мен нейтрондардан қорғану анағұрлым күрделі, -сәулелерді ең жақсы жұтқыш қорғасын болып табылады. Баяу нейтрондарды бор мен кадмий жақсы жұтады. Шапшаң нейтрондар алдын ала графиттің жәрдемімен баяулатылады.
Чернобыль АЭС-індегі апаттан кейін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік энергетикалық реакторларлардың қауіпсіздігі бойынша қосымша шаралар қабылдауға ұсыныс жасады. Бұл қосымша шаралар бір киловатт-сағат электр энергиясын алуға жұмсалатын шығын мөлшерінің біршама артып кетуіне әкеліп соқты. АЭС-те жұмыс істейтіндерге қатаңырақ тәртіп тағайындалды.
Чернобыль АЭС-індегі апат радиоактивті сәулелердің аса қауіпті екенін көрсетті.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§8.12 дайындық сұрақтарын талдау.
- Радиактивті сәулелер тірі организмдерге қандай қауіп туғызады?
- Жұтылғандоза деп нені айтады?
- Эквивалентті доза дегеніміз не?
- Табиғи радиациялық фон сәуле ауруын туғыза ма?
- Радиациядан қалай қорғануға болады?
Есептер шығару.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §8.12
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар:
Басқа жаңалықтар:
Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану - Физика, 11 сынып, 23 - сабақ
Бақылау жұмысы - Физика, 9 сынып, 58 - сабақ
Ғылыми техникалық өркениет және ноосфера - Физика, 9 сынып, 57 - сабақ
Радиактивті изотоптар және оларды қолдану. - Физика, 9 сынып, 54 - сабақ