Сабақ жоспарлары / Физика

Жұлдызды аспан және жұлдыздар арқылы бағдар жасаудың негізгі принциптері - Физика, 11 сынып, 71 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспан және жұлдыздар арқылы бағдар жасаудың негізгі принциптері.
Жұлдызды аспан және жұлдыздар арқылы бағдар жасаудың негізгі принциптері - Физика, 11 сынып, 71 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұлдызды аспан және жұлдыздар арқылы бағдар жасаудың негізгі принциптерімен  таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 
Сабақтың барысы:
І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру. 
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.   
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша жұлдызды аспан және жұлдыздар арқылы бағдар жасаудың негізгі принциптерімен танысамыз. 
  1. Элементар бөлшектер деп нені айтады?
  2. Нейтрон протоннан, электроннан        және нейтринодан құралады деп есептеуге бола ма?
  3. Неліктенлептондар шын элементар бөлшектер деп аталады?
  4. Адрондар кварктардан қалай құрылады?
  5. «Түрлену арқылы өзара әрекеттесу» ұғымының мазмұны қандай? 
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 
Шоқжұлдыздар.Жұлдыздық карталар. Аспан координаттары
Жұлдызды аспанмен, Айдың жарығы бәсең жұлдыздарды бақылауға бөгет жасамайтын, бұлтсыз ашық түнде танысу керек. Жымыңдаған жұлдыздары маржандай шашылған түнгі аспанның суреті қандай ғажап десеңізші! Олардың саны шексіз көп. Бірақ сендер оларға үңіліп қарамайынша, өзара орналасуы өзгермейтін топ жұлдыздарды ажыратып, танып алмайынша ғана солай сияқты көрінеді. Шоқжұлдыздар деп аталған осындай топтарды адам баласы мыңдаған жылдар бұрын айырып, ат қойып, айдар таққан. Шоқжұлдыз деп белгілі бір шекарадағы аспанньщ бір аймағын ұғамыз. Бүкіл аспан 88 шоқжұлдызға бөлінген. Оларды жұлдыздарының, өзіне тән ерекше орналасу сипатына қарап табуға болады.
Көптеген шоқжұлдыз атаулары көне заманнан бері сақталып келеді. Қейбіреулері грек мифологиясымен, мысалы, Андромеда, Персей, Пегас, ал қайсыбіреулері жарық жұлдыздар құрайтын шоқжұлдыздардың кескінкейпіне байланысты ұқсас нәрселермен (Жебе, Үшбұрыш, Мизам және т. б.) аталған. Жануарлардың атымен аталған да шоқжұлдыздар бар, мысалы, Арыстан, Шаян, Сарышаян.
Аспан күмбезіндегі шоқжұлдыздарды іздеп тапқанда, олардың ең жарық жұлдыздарын, жұлдыздар карталарында көрсетілгендей, белгілі бір пішінге келтіріп, түзулермен ойша қосады. Әр шоқжұлдыздағы жарық жұлдыздарды ерте кезден-ақ грек әріптерімен белгілеген   Шоқжұлдыздың ең жарық жұлдызы көбінесе , одан соң ,т. т. деп алфавит ретімен, жарық мөлшерінің бәсеңдеуіне қарай белгіленеді; мысалы Кіші Аю шоқжұлдызындағы Темірқазық (Поляр) жұлдызы .
Жетіқарақшыдағы басты жұлдыздардың орналасуы және ескі жұлдыздық карталарда оны калай кескіндегені көрсетілген. Кұралсыз көзбен айсыз түні горизонттан жоғары 3000-дай жұлдыз көруге болады. Қазіргі кезде астрономдар бірнеше миллиондаған жұлдыздың дәл орындарын анықтап, олардан келетін энергия ағынын, осы жұлдыздардың тізімкаталогын жасады.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§10.1.   дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөліп, оған атаулар тағайындаған кім?
  2. Шоқжұлдызға дейін ұшып жетуге бола ма?
  3. Жер бетіне бағдар жасау үшін неге Темірқазық жұлдызы алынған?
  4. Шолпан планетасында Темірқазық жұлдызы бағдар бере ала ма?
  5. Басқапланетадағы бақылаушылар үшін жұлдызды аспанның түрі өзгере ме?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер   шығару. №1,2 практикалық тапсырма.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §10.1 №3,4 практикалық тапсырма
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: