Сабақ жоспарлары / Физика
Жер тобының планеталары - Физика, 11 сынып, 79 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жер тобының планеталары.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Жер тобының планеталарымен танысамыз.
қатты қабықша жер тобындағы планеталарға, планеталардың серіктеріне және астероидтарға ғана тән. Ал Жердің гидросферасы Күн жүйесі үшін бірден-бір ғана құбылыс, бізге белгілі планеталардың бірде біреуінде ол жоқ. Су сұйық түрде болу үшін әрине, белгілі температуралық және қысым шарттары орындалуы тиіс. Су әлемде ең көп таралған химиялық, элементтер қатарына жатады, бірақ басқа аспан денелерінде ол өзінің қатты күйінде кездеседі, ол бізге Жер бетінде қар, шық және мұз түрінде белгілі.
Литосферада өтіп жатқан процестерден, оның заттарының химиялық құрамынан миллиардтаған жылдар бойы өтіп жатқан өзгерістердің ізін байқаймыз. Радиоактивтік элементтердің ыдырауы кезінде бөлініп шығатын энергияның арқасында заттың балқуы және бөлектенуі өтеді. Осының нәтижесінде жеңіл қосындылар, бұлар негізінен силикаттар, жоғары, қабыққа ұмтылады да, ал ауыр элементтер орталық бөлікті - ядроны құрады.
Жер қабығының қалыңдығы онша емес: 10 км-ден (мұхиттардың түбінде) 80 км-ге дейін (тау өркештерінің астында). Ядроның радиусы планета радиусынан екі есе кіші, ал ядро мен қабықтың арасында аралық қабатта - Жер мантиясы орналасады, ол қабыққа қарағанда тығызырақ заттардан тұрады.
Космос аппараттарының көмегімен орындалған зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, Айдың және Жер тобындағы планеталардың ішкі кұрылысы жалпы түрде бірдей екен.
·Шолпан және Марс
Жер тобындағы планеталар - Меркурий, Шолпан, Жер және Марстың алып планеталардан айырмашылығы - олардың өлшемі кіші, массасы азырақ, тығыздығы үлкенірек, осінен айналысы баяулау, атмосферасы едәуір сиректеу, серіктері аз не мүлде жоқ.
Қазіргі кезде осы топқа жататын планеталарды (және Айды да) зерттеу жан-жақты жүргізіледі, оған тек астрономдар ғана емес, басқа саланың мамандары да: геологтар, геофизиктер, топографтар, радиоинженерлер және т. б. назар аударуда, олар планеталарды зерттеуде жер жардайында жақсы сыннан өткен және планеталардын бетінің құрылысы мен атмосферасы жайлы сенімді мәліметтер бере алатын методтарды қолданады.
Меркурий. Бұл - Күнге ең жақын планета, ол Айдан сәл үлкен, бірақ орташа тығыздығы Жердікіндей дерлік. Радиолокациялық бақылаулардан Меркурийдің өте ақырын айналатыны білінді. Оның жұлдыздық тәулігі, яғни жұлдыздарға қатысты осінен айналу периоды, біздін 58, 65 тәулігімізге тең. Осы планетадағы күн тәулігінің ұзақтығы, яғни қатар екі талтүс аралығы 176 Жер тәулігіндей. Олар Меркурийдің екі жылына тең, өйткені Меркурийдің Күнді бір айналып шығу мерзімі 88 Жер тәулігіндей.
Меркурийде атмосфера жоқ деуге болады. Сондықтан оның күндізгі жарты шары қатты қызады. Меркурийдің күнгей нүктесінде өлшенген температура 400°-тан артық болды. Мұндай температурада қорғасын, қалайы тіпті мырыш та балқиды.
Меркурийдің беті кратерлермен соншама шимайланғандықтан, фотосуреттерде оны Ай бетінен айыру қиын. Олар беттік қабатының жарықты шағылту және жылу өткізгіштік қабілетімен де ұқсас болады. Көзге ілінерліктей айырмашылығы «теңіздеріне» ұқсас ойпаңдардың аздығы. Олардың ішіндегі ең үлкені — Аптап теңізінің диаметрі 1300 км шамалас.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§11.2. дайындық сұрақтарын талдау.
Есептер шығару.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §11.2 Есептер шығару.
- Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жер тобының планеталарымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Жер тобының планеталарымен танысамыз.
- Жұлдыздың планеталық жүйесі неден пайда болады?
- Астероидтар мен кометаларды зерттеу Күн жүйесінің эвалюциясын дұрыс түсінуге көмектесе алады ма?
- Жердің жасын қандай әдістермен анықтауға болады?
- Плутон орбитасының сыртында оныншыпланетаның пайда болуы мүмкін бе?
Жер тобының планеталары
Құрылысы. Космос аппараттарының бортынан алынған көптеген фотосуреттер (суреттер) жер шарының негізгі үш қабықшасын көруге мүмкіндік береді: атмосфера және оның бұлттары, гидросфера және өзінің табиғи қабаттарымен бірге алынған литосфера. Осы қабықшалар сәйкес келетін заттың үш агрегаттық күйі - газ, сұйық жэне қатты күйлер бізге - Жер тұрғындарына үйреншікті болып кеткен. Күн жүйесіндегі планеталардың көпшілігінің атмосферасы бар, бірақАй горизонтының үстіндегі Жер |
Космостан түсірілген Жердің фотосуреті |
Жер қабығының қалыңдығы онша емес: 10 км-ден (мұхиттардың түбінде) 80 км-ге дейін (тау өркештерінің астында). Ядроның радиусы планета радиусынан екі есе кіші, ал ядро мен қабықтың арасында аралық қабатта - Жер мантиясы орналасады, ол қабыққа қарағанда тығызырақ заттардан тұрады.
Космос аппараттарының көмегімен орындалған зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, Айдың және Жер тобындағы планеталардың ішкі кұрылысы жалпы түрде бірдей екен.
·Шолпан және Марс
Жер тобындағы планеталар - Меркурий, Шолпан, Жер және Марстың алып планеталардан айырмашылығы - олардың өлшемі кіші, массасы азырақ, тығыздығы үлкенірек, осінен айналысы баяулау, атмосферасы едәуір сиректеу, серіктері аз не мүлде жоқ.
Қазіргі кезде осы топқа жататын планеталарды (және Айды да) зерттеу жан-жақты жүргізіледі, оған тек астрономдар ғана емес, басқа саланың мамандары да: геологтар, геофизиктер, топографтар, радиоинженерлер және т. б. назар аударуда, олар планеталарды зерттеуде жер жардайында жақсы сыннан өткен және планеталардын бетінің құрылысы мен атмосферасы жайлы сенімді мәліметтер бере алатын методтарды қолданады.
Меркурий. Бұл - Күнге ең жақын планета, ол Айдан сәл үлкен, бірақ орташа тығыздығы Жердікіндей дерлік. Радиолокациялық бақылаулардан Меркурийдің өте ақырын айналатыны білінді. Оның жұлдыздық тәулігі, яғни жұлдыздарға қатысты осінен айналу периоды, біздін 58, 65 тәулігімізге тең. Осы планетадағы күн тәулігінің ұзақтығы, яғни қатар екі талтүс аралығы 176 Жер тәулігіндей. Олар Меркурийдің екі жылына тең, өйткені Меркурийдің Күнді бір айналып шығу мерзімі 88 Жер тәулігіндей.
Меркурийде атмосфера жоқ деуге болады. Сондықтан оның күндізгі жарты шары қатты қызады. Меркурийдің күнгей нүктесінде өлшенген температура 400°-тан артық болды. Мұндай температурада қорғасын, қалайы тіпті мырыш та балқиды.
Меркурийдің беті кратерлермен соншама шимайланғандықтан, фотосуреттерде оны Ай бетінен айыру қиын. Олар беттік қабатының жарықты шағылту және жылу өткізгіштік қабілетімен де ұқсас болады. Көзге ілінерліктей айырмашылығы «теңіздеріне» ұқсас ойпаңдардың аздығы. Олардың ішіндегі ең үлкені — Аптап теңізінің диаметрі 1300 км шамалас.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§11.2. дайындық сұрақтарын талдау.
- Шолпанда жыл маусымдарының ауысуы бар ма?
- Неге адамдардың бірінші экспедициясы Марсқа баруы керек?
- Неге Жер бетінде метериттер соққыларының ізін табуға болмайды?
- Плутон мен Харонды «қос планета» деп атауға бола ма?
- Меркурийде айқайды естуге бола ма?
- Марс аспанынан Күн қалай көрінеді?
Есептер шығару.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §11.2 Есептер шығару.
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: