Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару - Физика, 10 сынып, 8 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару - Физика, 10 сынып, 8 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: тақырып  бойынша  есептер    шығару  дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың  тарау   бойынша  алған  білімдерін жүйелеу,   тақырыптың есептер шығару дағдыларын қалыптастыру;  талдау жасау,   салыстыру қабілеттерін дамыту;
2.Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
3.Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:   
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  
1.Дене координатасы х1=-1, у1=2, болатын А нүктесінен  х2=5, у2=3 болатын нүктеге орынауыстырады. Дененің орынауытыруын, координаталар проекциясын табыңдар.
2.Жүк машинасының қозғалыс теңдеуі х=-270+12х, машинаның қозғалысын сипаттаңдар, жылдамдығын бастапқы координатасын және 20с-тан кейінгі координатасы мен орынауыстыруын табыңдар.
3.Шарды 14 м/с бастапқы жылдамдықпен көкжиекке 300 бұрыш жасай лақтырылды. Лақтыру нүктесінен 11 м жерде шар вертикаль қабырғаға серпімді соқтығысады. Қабырғадан қандай қашықтықта шар жерге құлайды?
ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Тексеру сұрақтары:
Тақырып 1.1-1.7 аралығындағы тексеру сұрақтары мен формулаларын сұрау.
ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: Қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: