Сабақ жоспарлары / Физика

Термодинамикалық параметрлер. Температура және оның өлшеу тәсілдері. - Физика, 10 сынып, 25 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Термодинамикалық параметрлер. Температура және оның өлшеу тәсілдері.
Термодинамикалық параметрлер. Температура және оның өлшеу тәсілдері. - Физика, 10 сынып, 25 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Термодинамикалық шамалардың физикалы мағынасын ажырату туралы білім-білік дағдысын қалыптастыру.
    1. Дамытушылық мақсаты: Оқушының білім-білігін дамыту. Салыстыра білу, керектіні таңдай білу, ең негізгіні есте сақтай білу қабілеттерін дамыту шараларын ұйымдастыру.
    2. Тәрбиелік мақсаты: Оқушының білімге құштарлығының, еңбекке икемділігінің дамуына ықпал жасау.
Сабақтың түрі: лекциясабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, есеп шығару.
Сабақтың көрнекіліктері: плакат, термометр, сұйықтық, барометр, мензурка..
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:   
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.  Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.  Б) есептерін тексеру

 
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Физикалық диктант.
1. Молекуланы сипаттайтын шамалардың аты, өлшем бірлігі және формулаларын жаз.
m0 -        Mr -      υ-       N-      d -  M-  NA-       m-
2. Зат молекулаларының тартылыс және тебіліс күштерінің сипаты қандай? Олар неге тәуелді?
3. «Потенциалдық шұңқыр» деп нені айтады?
4. Кристалдық торлардың түрлерін атаңыздар.
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Термодинамикалық шамлар (P,V,T) туралы төменгі сынптан қалыптасқан білімдерін дамыту.
2. Ұғымдар: Жылулық жүйе; Жылулық тепе-теңдік; Макро және микропараметрлер; Физикалық құралдар (термометр, бараометр, мензурка)
3. Термометр және температуралық шкалалар (нүктелер)
4. Топтастыру. (кесте)

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
Оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын, өз ойын сауатты, мазмұнды баяндау қабілетін бағалау.    §4.4  дайындық сұрақтарын талдау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Температура-физикалық шама. Кестені толтыр:
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §4.4. дайындық сұрақтары. 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: