Сабақ жоспарлары / Физика

Механикадағы және термодинамикадағы жылу мөлшері. Калориметрлік тәжірибелер - Физика, 10 сынып, 36 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Механикадағы және термодинамикадағы жылу мөлшері. Калориметрлік тәжірибелер
Механикадағы және термодинамикадағы жылу мөлшері. Калориметрлік тәжірибелер - Физика, 10 сынып, 36 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік. Термодинамикадаш жұмысты меңгеруге, жылу мөлшерін есептеуге, жылу баланс теңдеуін шешуге жатгығу.
    1. Дамытушылык. Жеке тұлғаны дамыту: талдау, салыстыру қабілеттерін дамыта отырып ең негізгісін, мазмұнын ажырату.
    2. Тәрбиелілік. Оқушылардың табиғатгагы жылу құбылыстарын бақылау, зерттеу кабілеттерінің дамуын, тұрмыста жылу өткізгіштікті қолдана білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Қүрал-жабдықтар, көрнектіліктер: Плакат, калориметр, термометр, су
Сабақ түрі: Консультация, көмек сабақ
Әдіс-тәсілдер: Топтық стратегиясын пайдалану, баяндау, сұрақ-жауап есеп шығару.
Сабақ барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    1. Үй тапсырмасьш тексеру.
    2. Жаңатақырыптыөзбетіншемеңгеру.
    3. Сабақгы бекіту.
    4. Сабақгы қорытындылау.
    5. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру.
    6. Үйге тапсырма беру.
I. Өткен тақырып бойынша окушылардың білім-білік дагдысының қалыптасуын тексеру.
1. Сұрақ-жауап:
  • Ішкі энергия дегеніміз не?
  • Ішкі энергияны өзгерту үшін кандай параметрді өзгерту керек?
  • Ішкі энергияның формуласы.
  • Ішкі энергия берілген газдын массасы мен температурасына тәуелді ме? Зат мөлшеріне ше?
  • Ішкі энергияның өзгеру тэсіддері.
  • Жылу мөлшері деп нені айтады?
  • Жұмыс деп нені айтамыз?
  • Термодинамиканың 1-заңы.
  • Жылу мөлшері нсні сипатгайды, ал жү_мы ше?
  • Мәнгі қозғалтқыштар болуы мүмкін бе?
II. Жаңа сабақты өз бетінше менгеру.
•    Оқушылар    өз    бетінше     Механикадағы    жұмыс    формуласын А = ҒScosα

Термодинамикадағы цшшндрдің ішіндегі поршеньнің қозға теп, термодинамикалық 


жұмыстын формуласын  А = р шығарады және оны график арқылы анықтауға мүмкіндік алады.
Әр процесстегі термодинамикалық жұмыс туралы мәлімдейді.
  • Жылулық кұбылыстарды қайталау арқылы жұмыс мөлшерінің формулаларын еске түсіреді. Тірек конспектіні пайдаланып Q=cmt, Q=lm, Q=qm, Q=Lm формулаларының мағнасын қайталап, жылу баланс тендеуін, жылудың өлшем бірлігін еске түсіреді.
     Q1 + Q1+ Q…+ Q1 =0 жылулық жүйеде.
  • Калориметрдің күрылысы, жұмысы көрсетіледі.
III. Өтілген такырыпты бекіту. Венн диограммасы «Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері».

IV.       Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын бақылау.
V. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: 11- жаттығу (1,2)
VI. Үйге тапсырма беру: §5.3-§5.4. 5.5., 11-жаттығу (3,9)
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: