Сабақ жоспарлары / Физика

Бақылау жұмысы - Физика, 10 сынып, 45 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы. М.К.Т және термодинамика негіздері тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тексеру.
Бақылау жұмысы - Физика, 10 сынып, 45 сабақ

Сабақтың мақсаты:
Окушылардың М.К.Т. және термодинамика негіздері тақырыбына есеп шығару дағдысының қалыптасуын тексеру.
Сабақ түрі: Бақылау жұмысы. 
Әдіс-тәсілдері: Деңгейлік тапсырмалар.
I- нұсқа. 
А. Денгей.
  1. 1 кг сутекте қанша молекула бар?
  2. Қысымы 100 кПа және молекулаларының концентрациясы  5 м3  болатын газдын температурасын табыңдар
  3. Қысымы 80кПа, көлемі 20л газ изобаралық ұлғаюда 496 кДж жұмыс атқарды. Көлемі қандай?
В. Деңгей.
  1. Қысымы 1,33 нПа, температурасы 290 К 1м3 азотта неше молекула бар?
  2. Автомобиль 72км/сағ жылдамдықпсн қозғалып келеді. Қозғалтқыштың қуаты бООкВт, ал п.ә.к-і 30%, 1км жолға қанша бензин шығындалады?
  3. 15°С температурадағы 250г суы бар калориметрге 25г ылғал қар салғанда температурасы 10°С -ге төмендеді. Қарда қанша су болған?
II- нұсқа. А. Деңгей
  1. 0,2 МПа кысымда 5м3 көлем алатын бкг газ молекулаларьгның жылдамдығы қандай?
  2. Температурасы 17°С, кысымы 204 кПа кезІнде сутегінін тығыздығы қандай?
  3. 1л бензин жанғанда бөлінетін жылу есебінен 0°С темпераіурада алынған қорғасынның кандай мөлшерін балқытуға болады. Қыздырғыштың п.э.к-і 40%.
В. Деңгей
4. Ауданы 1ОО см2, массасы 1ОО кг цилиндр поршеннің астында 0°С температурадағы азот бар. Цилиндрдін 100°С-қа дейін қыздырғанда поршень қандай биіктікке көтеріледі. Атмосфералық қысым 105Па.
  1. Ікг көмірқышқыл газын 5°С тан 127°С қа изобаралық қыздырғанда газ қандай жұмыс атқарады?
  2. Температурасы 320К, ЗООг оттек изохоралы салқындатқанда қысым З есе азайды. Қайтадан бастапқы көлемге дейін изобаралы ұлғайтса газ қандай жұмыс атқарады?
Үйге тапсырма: §2.10-2.12 Есептер шығару.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: