Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестері - Қазақ тілі, 6 сынып, 8 - сабақ

Тақырыбы: Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестері
Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестері - Қазақ тілі, 6 сынып, 8 - сабақ

Мақсаты:
Білімділік: Мәтіндегі кездесетін тұрақты тіркестердің мағыналарын меңгерту, білім, білік дағдыны қалыптастыру.
Дамытушылық: теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Тәрбиелік:талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, ізеттілікке, білімділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар тұрақты тіркестердің мағыналарын өз беттерінше және түсіндірме сөздіктің көмегімен іздене отырып, мағыналарын аша алады.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, тестік жұмыс, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Өткен сабақтарды қайталап, еске түсіру.
Диалект сөздер дегеніміз не, мысал келтір.
Кәсіби сөздер дегеніміз не?
Түрлерін ата. Мысал келтір.
Неологизм деген қандай сөздер?
Көнерген сөздер ше? Түрлерін ата, мысал келтір.
Жаттығуларды тексеріп шығу:
27- жаттығу: (ауызша) Төмендегі сөздерді оқып, тілде мұндай сөздерді не деп ататайтынын және оның себебін түісіндіріңдер.
            Жасанды жер серігі, атом мұзжарғышы, ғарыш, ғарыш айлағы, ғарышкер, планетааралық станса, көрермен, оқырман, аялдама, балмұздақ, жүлде, жүлдегер, орбита, отбасы, тілші.
(бұл сөздер қазіргі кезде қазақша баламалары бар термин сөздер)
28-жаттығу: Мәтінді оқып шығып, неологизмдерді теріп жазыңдар.
Ғарыш кемелері- космос кораблдері, жер серігі-спутник,  ғарышкерлер-космонавт, баспасөз-типография
29-жаттығу: Берілген неологизмдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Қарағанды қаласында ірі-ірі өндіріс салалары ашылуда. Республикамызда өнертапқыштады   еңбегіне қарай  бағалау жақсы жолға қойылған. «Қазақ тілінің білгірі» сайысында 7 сынып оқушылары жүлдегер атанды. Театр маусымының ашылу салтанатында зал іші көрермендерге лық толды. Кітапханашылар өз оқырмандарына ай сайын конференциялар өткізіп отырады. Қыс кезінде аялдамада көп тұра алмайсың. Мен ең соңғы аялдамадан түсемін.
ІІІ. Жаңа сабақ: Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестері.
Фразеология-тұрақты сөз тіркестерін зерттейді.
Тұрақты тіркес дегеніміз екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалынып бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркестері. 
Мысалы: тас бауыр –мейірімсіз, су жүрек – қорқақ.
Тұрақты тіркестердегі сөздердің орнын ауыстыруға және басқа сөздермен алмастыруға болмайды.
Мысалы: Тайға таңба басқандай – (анық) /жылқыға таңба басқандай деуге болмайды/
IV. Жаттығулар орындау.
30- жаттығу: кестеге еркін сөз тіркестерді, тұрақты сөз тіркестерін бөліп жазып, мағыналарын ашыңдар


30- жаттығу бойынша оқушылар өздері білетін тұрақты тіркестерді тақтаға жазып, мағыналарын айтады:
Таба болу-мазақ болу,          санын соғу-өкіну,                              сөзге қалу-өсекке іліну, маңдай тер-адал еңбек,     қалпақтай ұшу-құлап түсу,              міз бақпау-шыдамдылық, 
су жүрек-қорқақ,                   ит өлген жер-алыс жер,                    қас қаққанша – лезде т.б.
V.Сабақты тестік сұрақтар арқылы бекіту: /барлығы 5 сұрақ/  оқушыларға тестік тапсырмалар таратылады. 5 минут уақыт беріледі/
1. Тұрақты тіркесті табыңыз
А) қолы ауру
В)қолы бармау
С)қолы күю
D)қолы ысу
Е)қолы мұздау
2. «Салу» сөзі қай сөзбен тіркескенде тұрақты тіркеске айналады?
А) қалам
В) сурет
С)хабар
D)тас
Е)сөз
3) Қай тұрақты тіркес «шебер» деген сөзді білдіреді?
А)Тонның ішкі бауындай
В)Ала жіпті аттамау
С)Он саусағынан бал тамған
D)Қара қылды қақ жарған
Е)Мұрнынан шаншылу
4. Мағынасы қарама-қарсы тұрақты тіркесті табыңыз
А)бауыр басу –ақ саусақ
В)таяқ тастам жер-сүт қайнатым уақыт
С)екі езуі құлағында-төбесі көкке жету
D)ит арқасы қиянда-ит өлген жер
Е)көз ілмеу-көз шырымын алу
5. Қай тіркес «ұялу» деген мағынаны білдіреді?
А)жүрегі шайлығу
В)мұрнын шүйіру
С)кірерге жер таппау
D)артына кір келтіру
Е)табанын жалтырату
VІ. Үйге: Тұрақты тіркестер туралы оқу.
33 жаттығу: Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жазу.
34-жаттығу: Оқу мен білімге, тәрбиеге, халықты, елді, Отанды, ата-ананы сүюге, ерлікпен ел қорғауға, достыққа байланысты мақал-мәтелдер жазып келу, мағынасын ашу.
VІІ. Бағалау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: