Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Дұлат Бабатайұлы - Қазақ тілі, 10 сынып

Тақырыбы: Дұлат Бабатайұлы 
Дұлат Бабатайұлы - Қазақ тілі, 10 сынып

Мақсаты:        XIX ғасырдағы тарихи жағдайды түсіндіру,ақындардың шығармаларын талдауға үйрету,түсіндіру.
Дамытушылығы:  Ізденіп оқуға,ойларын жеткізуге 
Тәрбиелілігі:  Ақындарды құрметтеуге,шығармаларын оқуға.
Әдісі:              Баяндау,сұрақ-жауап
Түрі:       Таным сабақ
Барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Жаңа сабақ
Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі - Дулат Бабатайұлы. 1802 жылы Семей өңірі, Аягөз маңында дүниеге келген. Ауыл молдасынан оқып, хат танып, мұсылманша сауатын ашады.
Дулат- қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, сахара салты мен түсінгеніне жат өзгерістер орын алғанын көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті.
Өлеңдері: «Өсиетнама», «Қыс көбейді,жаз аз боп...», «Ақжайлау мен сандықтас», «О,Барақ жас,Барақ жас», «Жапанға біткен жантақты»..., «Еспенбет» дастаны.
III. Дәптер-кітаппен жұмыс
1. Тірек сызбалармен жұмыс жүргізу.
2.  Тұлғалардың қанатты ойлары негізінде өзіндік ой-пікірін жазу.
IV. Сабақты қорыту.
1. Ақын өз заманын қалай түсінеді?
2. Заманы ақынды қандай күйге түсірді?
V. Сабақты бекіту
VI. Үйге:  Дулат өміріне дерек жинау,өлеңдерін оқып,талдау,кесте жасау.
VII. Бағалау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: