Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар

1 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Дүниетану

Дүниетану пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары. 
1 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Дүниетану

1.Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар

Сабақтың мақсаты: 1 Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру 2 Әсемдікке баули отырып,логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.3 Бір затпен екінші затты ажырата білу.Табиғатқа деген   құштарлығын арттыру.Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: жаңа  сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:Сыныпты сабаққа дайындау. Оқушылардмен амандасу, түгендеу.
ІІ Мақсат қою: тақырыбын,  мақсатын хабарлау.Өтілген материалдарды еске түсіру, сұрақтар қою.
ІІІ Жаңа сабақ:   - Балалар,табиғат құбылыстарына нелер жатады?  -Адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?   - Олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?Ендеше балалар, бүгін біз сендермен «Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар» а) Табиғат, табиғат құбылыстары, табиғат заттары туралы.Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік береміз.Сергіту сәті:Дәптермен жұмыс
ІҮ. Қорытындылау:Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?-Табиғат дегеніміз не?-Табиғат құбылыстары деген не?   -Табиғат заттарына нелер жатады?-Табиғи нешеге бөлінеді?Оларды ата.-Адам қолымен жасалатын құбылыстарды атап көрейік:
Ү Бекіту кезеңі: біз бүгін айналадағы дүниемен таныстық.Табиғаттың екіге бөлінетініне көз жеткіздік. Табиғаттағы заттар, табиғат құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма: Бүгінгі тақырыпқа сай сурет салып келу

2. Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Күндіз, түн, түн тынысы. 


Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға айналадағы дүние туралы түсініктерін   кеңейте түсу 2. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын, сөздік қорын                        қалыптасу.3. Табиғатты  сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастырукезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Үйге берілген тапсырмаларға дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді? Кім айтады?- Табиғат құбылыстары туралы кім, не айтады?- Табиғи заттар мен адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?
ІІІ Өткен сабақты пысықтау:а) -Табиғатты нелер құрайды?- Табиғат құбылыстарына нелер жатады?-Табиғат нешеге бөлінеді?-Тірі табиғатты ата.-Өлі табиғатты ата.-Суреттегі табиғат заттарын ата.-Адам қолымен жасалатын заттарды ата.-Күн қай сағатта шығады? Күн қай сағатта батады?ә) Күннің шыққан кездегі, күннің батардағы көрінісін әңгімелеу.«Күн жарық, жылы.   Түн қараңғы салқын.»
ІҮ Жаңа сабақ:Оқулықтағы, «Күндіз», «Түн», «Түн тынысы » тақырыптарымен таныстыру. -Балалар, осы тақырыптар бойынша кім, өз ойын айтады? Күндізгі тіршілік, Түн, түн тынысы тақырыптарын кім қалай түсінеді? Және оларды қалай сипаттауға болады? -Күн мен түннің ерекшелігі неде?Сергіту сәті: «Күн және түн» ойынын ойнату.
Ү Оқушы білімін бекіту:Біз сіздермен «Күн. Түн. Түн тынысы» тақырыптарын оқи отырып, оның қасиеиттерімен таныстық. Енді сол тақырыптарды суретпен бейнелесек қайтеді?
ҮІ Қорытындылау;-Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?Нені бейнеледік? Күн мен түннің ерекшелігін кім айтады
VII . Үйге тапсырма,бағалау:
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: