Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару - Физика, 9 сынып, 3 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару - Физика, 9 сынып, 3 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың ынтасын арттыра отырып білімін тексеру.
  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  

Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.

1. Автомобильдің жылдамдығы 10 с ішінде 15 м/с-тан 10 м/с-қа дейін баяулаған. Автомобиль қозғалысының орташа үдеуі қандай?
2. Дене 0,4 м/с2 үдеумен қозғалып келеді. Егер дененің бастапқы жылдамдығы 2 м/с-қа тең болса, 40 с өткенде оның жылдамдығы қандай болады?
3. Тыныштық күйден 0,5 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомашина 10с ішінде қанша жол жүреді?

ІІ деңгей.
  1. 0,5 м/с2 үдеумен қозғалған поезд тежеуішті басқаннан кейін тоқтағанға дейін қанша жол жүреді? Оның тежеуішті басқанға дейінгі жылдамдығы 15 м/с-қа тең.
  2. 3 м/с жылдамдықпен қозхғалып келе жатқан велосипедші 0,8 м/с2 үдеумен өбеден ылдиға қарай түсе бастайды. Түсу уақыты 6 с болса, ылдидың ұзындығы қандай?
  3. Vx=3+2t теңдеуі бойынша жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділік графигін құрыңдар.
  4. Тас құдықтың түбіне 6 с-та жетсе, онда оның тереңдңгң неге тең? Құдық түбіне түскен мезеттегі тастың жылдамдығы қандай? Тастың бастапқы жылдамдығы неге тең?
ІІІ деңгей.
  1. Дене жылдамдығының уақытқа тәуелділігі  Vx=12+4t формуласымен берілген. Дене координаталарын есептейтін теңдеуді жазыңдар. (х-5 м)
  2. Ұзындығы 1 км жолдың бөлігін мотоциклші тыныштық күйден бастап, тұрақты үдеумен 0,8 м/с2 үдеумен жүріп өтеді. Осы жолды қанша уақытта жүріп        өтті? Жолдың соңындағы жылдамдығы қандай?
ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Сұрақтар қою.
1. Механика нені оқытады?
2. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
3. Табиғатта абсалют тыныштықта тұратын дене бола ма?
4. Ғылымда материя деп нені айтады және оның негізгі қасиеті қандай?
5 . Қандай шамаларды векторлық дейді?
6. Қандай шамаларды скалярлық дейді?
7. Вектордың осьтегі проекциясы дегеніміз не?
8. Дененің орын ауыстыру векторы оның координаталары мен қалай байланысады?
9. Қандай жағдайда координата осі проекциясының таңбасы оң немесе теріс болады?
10. Вектордың модулі дегеніміз не?

ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: К., Т., №3.1, 3.2, 3.3, 3.12.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: