Сабақ жоспарлары / География

География пәнінен 11 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары (гуманитарлық бағыты)

География пәнінен 11 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары (гуманитарлық бағыты).
География пәнінен 11 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары (гуманитарлық бағыты)

Сабақ№________Сыныбы_________Күні_________
Тақырыбы:Д.ж. аймақтары.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дүние жүзінің экономикалық-географиялық аймақтары, құрамы, ресурстары  жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже:  Д.ж. экономикалық-географиялық аймақтарымен  танысқан тұлға.
Сабақтың типі:Кіріспе сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
                              2. Әңгіме-дәріс.              
                              3. Тірек-сызбамен жұмыс.              
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І.   Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту
1. Әңгіме-дәріс.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.                             
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.   Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту.
1. Әңгіме-дәріс.
            Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
«Д.ж. аймақтық шолу» географиясы мазмұны мен құрылымы жағынан елтану бағытында қарастырылады. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, ХХ ғ/ң 2-ші жартысынан бастап д.ж. көптеген елдерінде табиғат ресурстарының шаруашылық бағытта шамадан тыс пайдаланылуы салдарынан табиғи орта күшті өзгеріске ұшырады. Ал қазіргі кезде экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелері адамзат қоғамының басты назарында болып отыр. Екіншіден, жекелеген аймақтар, елдер туралы жүйелі географиялық білім қалыптастыруда түрлі ғылым салалары туралы материалдар мен деректерді пайдаланудың маңызы зор.
            Оқулық құрылымында 10-сыныпта жалпы шолу ретінде оқып-танысқан тарихи-географиялық аймақтар алынған. Бұл аймақтардың шекаралары физикалық-географиялық аймақтардың шекараларына сәйкес келе бермейді. Оқулықта, алдымен тарихи-географиялық аймақтардың экономикалық-географиялық, геосаяси жағдайларына жалпы шолу жасалады, ал елдерді оқып-үйрену реті олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріне байланысты топтастырылған.
            География саласының құрылымдық және мазмұндық ерекшелітеріне орай, көптеген басқа ғылымдармен (қоғамдық, жаратылыстану, техникалық, т.б.) де байланысы зор. Соның нәтижесінде географиялық жаңа пәндер қалыптасуда. Мұндай өзара байланыстар ауқымының кеңдігі географияның ғылым ретіндегі маңызын арттыра түседі. Мысалы, географияның экологиямен, геологиямен, жалпы биологиямен байланысы геоэкологияның, ал экономикамен байланысы экономикалық географияның қалыптасуына негіз болған.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
            Тірек-сызба арқылы Д.ж. экономикалық-географиялық аймақтарын  түсіндіру.



ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
            Үйге: Д.ж. экономикалық-географиялық аймақтарына жалпы шолу.


Тақырыбы:Дамыған елдерге жалпы сипаттама.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дамыған елдердің жалпы сипаттамасы, «үлкен жетілік» елдерінің құрамы   жөнінде  түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже:  Дамыған елдердің жалпы сипаттамасымен  танысқан тұлға.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.             4. Тірек-сызбамен жұмыс.
                              2. Әңгіме-дәріс.              5. Кестемен жұмыс.
                              3. Б.Ү.Ү. кестесі.            6. Топтастыру. 
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
 Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
4. Кестемен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
            Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
            1. Еуропа аймағы?
            2. Азия аймағы?
            3. Солтүстік Америка аймағы?
            4. Латын Америкасы аймағы?
5. Африка аймағы?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
            Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
            Топтастыру арқылы «үлкен жетілік» елдерінің құрамын түсіндіру.




Кестемен жұмыс.
            Кесте арқылы д.ж. елдерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Халқы (млн адам)Аумағы (млн км2)Жалпы ішкі өнім (АҚШ доллары)
Дамыған елдер971,032,728603
Дамушы елдер4880,083,619132
Өтпелі экономикалы елдер421,019,03579
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
БілгенімҮйренгенімҮйренгім келеді



V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
            Үйге: Дамыған елдерге жалпы сипаттама.



Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: