Сабақ жоспарлары / Физика

Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы - Физика, 9 сынып, 6 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы.
Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы - Физика, 9 сынып, 6 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысымен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша қисықсызықты қозғалыспен танысамыз.
  1. Дененің еркін түсуі деп нені айтады?
  2. Дененің еркін түсуі қозғалыстың қандай түріне жатады?
  3. Еркін түсу үдеуі қандай шама және сандық мәні неге тең?
  4. Ендіккебайланысты еркін түсу үдеуінің сандық мәні қалай өзгереді?
  5. Еркін түсу үдеуі дененің массасына, жылдамдығына тәуелді бола ма?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Қисық сызықты қозғалыс. 
2. Дененің қисық сызықты қозғалысы орын ауыстыруы, жылдамдық және үдеу сияқты кинематикалывқ шамалар арқылы сипатталуы, олардың бағыттары.
3.  Айнымалы және бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс.
4. Айналу периоды.
5. Айналу жиілігі.
6. Период пен жиіліктің өлшем бірліктері.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§7 дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Қисықсызықты қозғалыс деп қандай  қозғалысты айтады?
  2. Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?
  3. Жиілік деп қандай шаманы айтады?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
№1К. 
  1. Дене еркін құлаған кезде 5 с соң  қанша жол жүреді? Бастапқы жылдамдығы 0 тең,  g=9,8 м/с2.
  2. 30 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырыған тас қанша уақыттан соң жерге түседі? (g=9,8 м/с2)
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §7
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: