Сабақ жоспарлары / Физика

Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу - Физика, 9 сынып, 7 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу.
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу - Физика, 9 сынып, 7 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша центрге тартқыш үдеумен танысамыз.
  1. Қисықсызықты қозғалыс деп қандай  қозғалысты айтады?
  2. Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?
  3. Жиілік деп қандай шаманы айтады?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Бұрыштық жылдамдық.
2. Сызықтық жылдамдық.
3. Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдықтың арасындағы байланыс.
4. Центрге тарқыш үдеу, оның формуласы, бағыты.
5. Центрге тартқыш үдеуді айналу периоды және жиілігі арқылы өрнектеу.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§8,9 дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
  2. Айналу периоды дегеніміз не?
  3. Айналу жиілігі дегеніміз не?
  4. Период пен жиілік арасында қандай байланыс бар?
  5. Бұрыштық жылдамдық деген не?
  6. Қандай жылдамдық сызық тық деп аталады?
  7. Центге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?
  8. Неліктен центрге тарқыш үдеуді нормаль үдеу деп те атайды?
  9. Центрге тартқыш үдеудің формуласы?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. 6-жаттығу (1-4)
  2. 7-жаттығу (1-3)
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §8,9,  6-жаттығу (5-7), 7-жаттығу (4,5). 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: