Физика / Есептер
«Ботақан» сайысына арналған сұрақтар - 7 сынып
7 сыныпқа арналған «Ботақан» сайысына арналған сұрақтарды тегін жүктеп алу.
- Дөңгелек жолды 1979 жылы Италияда «Мерседес-Бенц» автомобилі 403,878 км/сағ жылдамдықпен 1 мин 52,67 с ішінде ең тез жүріп өтті. Егер двигателінің қуаты 500 жылқы күшіне тең болса (1 жылқы күші = 735Вт), онда автомобиль қанша жол жүрді және қандай жұмыс істеді?
- Швейцария Альпасындағы ең ұзын баспалдақтың саны 11 674, ал әр баспалдақтың биіктігі 20 см. АҚШ-тан келген ауыр салмақ иесі, массасы 635 кг Джон Бровер Минной осы баспалдақпен көтерілу үшін қандай жұмыс істеу керек?
- Тек тор көз дәптердің беті мен қарындаш арқылы өте жіңішке сымның диаметрін қалай дәлірек анықтауға болады. Не істер едің?
- Жаңғақты жұмсақ тірекке қойып жару ауыр, ал қатты тірекке қойып жару жеңілге түсетіні неліктен деп ойлайсың?
- Егер өзен бетімен келе жатқан адамның астындағы мұз жарылса, онда оған жақындауға болмайды. Оны құтқару үшін оған ұзын ағаш немесе баспалдақ (лестница) тастау керек. Қалай ойлайсың, осындай тәсіл арқылы ойылған мұз астындағы суға түскен адамды құтқаруға болатыны неліктен?
- Әлемге белгілі ғалым Иннокентий кастрөлді ашса, онда 400 грамм қарақұмық ботқасы бар екенін байқады да, оның массасын тоннаға айналдырып ботқаны тез жеп қойды.Әлемге белгілі ғалым ботқаның қанша тоннасын жеді?
- Мектеп шеберханасында өңделетін денені бала токарлық станокқа қысу үшін қысқының сабын ортасынан емес, ал шетінен ұстайтыны неліктен. (В школьной мастерской мальчик, чтобы сильно зажать в тиски обрабатываемую деталь, берется не за середину, а за край ручки тисков. Почему?)
- Үлкен көгілдір түсті әуе шары мен осы шарды жарып жіберсем деп армандайтын кішкентай тот басқан(ржавый) темір шегенің массалары бірдей. Шар мен шегеге әсер ететін ауырлық күштерінің айырмашылығы неде?
- Сарайдың төбесінен Жер планетасының бетіне ұшып түскен Саматқа ауырлық күші әсерін доғарды ма?
- Су қоймасының балшықты түбінде кірпіш жатыр. (суретке қара). Оның астына су кірмейді. Егер біраз уақыттан кейін кірпіштің астына су кірсе, онда кірпіштің су түбіне түіретін қысым күшінің модулі қанша пайыз өзгереді? Кірпіштің массасы m = 4,0 кг, су түбімен жанасатын ауданы S = 200 см2, кірпіштің үстіндегі судың биіктігі h = 1,0 м, судың тығыздығы ρ0 = 1,0 г/см3, кірпіштің тығыздығы ρ = 2,7 г/см3, атмосфералық қысым р = 100 кПа, g = 10 Н/кг.
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: