Математика
Жай сандар және құрама сандар
Оқушыларға жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру, оларды ажыратуға және есептер шығару барысында тиімді қолдануға үйрету
Математика 5 сынып
Тақырыбы: Жай сандар және құрама сандар
Мақсаты: Оқушыларға жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру, оларды ажыратуға және есептер шығару барысында тиімді қолдануға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға жай және құрама сандарды үйрету, есептер шығару барысында тиімді қолдану.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымдастырушылыққа, алғырлыққа, дербестікке, еңбектенуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, математикалық тілде сөйлеуін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сөздік(сұрақ - жауап)
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі материал
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа материалды игерту
IV. Есептер шығару
V. Сергіту сәті
VI. Қатені тап
VII. Арифметикалық фокус
VIII. Сабақты бекіту
IX. Үйге тапсырма беру
X. Бағалау
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) амандасу, түгендеу
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген есептердің шешуін жауабын тауып соның қиылындағы әріпті жазу. Әріптерден сөздер шығады. Сол сөз бүгінгі жаңа тақырыптың аты.
202*3 - 4270: 14 - 298
396:(48*7 - 314)*25 - 439
5856: (61*16)- 3060: (51*15)
1445: 85*101 - 1695
94*(815 - 791): 47+1508:(324 - 295)
4374: (18*81)+3680:(23*32)
268*(1005 - 999): 67
(216 - 3895: 19)*101 - 24*(418 - 372)
852: 71+(9618 - 7365): 751
III. Жаңа материалды игерту
І. Жай сандар
11 санының бөлгіштері: 1, 11
13 санының бөлгіштері: 1, 13
1 - ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.
Мысалы. 101 санының бөлгіштері: 1, 101
Ең кіші жай сан - 2 саны. 2 санынан басқа жай сандар тақ сандар. Сонда 2 саны - жалғыз ғана жұп жай сан. Жай сандар шектеусіз көп.
Айырмасы 2 - ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Мысалы, 5 пен 7, 11 мен 13, 17 мен 19 - егіз сандар
ІІ. Құрама сандар.
Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.
Мысалы: 8 саны - құрама сан, бөлгіштері 1, 2, 4, 8
Натурал 1 санының 1 ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі - 1 саны. 1 саны жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.
IV. Есептер шығару
№647 (ауызша)
1) Жай сандар кестесіндегі көп таңбалы жай сандар қандай цифрлармен аяқталған?
2) 0, 4, 6 және 8 цифрларымен аяқталатын жай сан барма?
№ 648 (өз бетімен жұмыс)
Жай сандар
97, 139, 311, 503
641, 991
Құрама сандар
66, 128, 201, 450, 502,
864, 879
№ 657 (тақтамен жұмыс)
Мына сандарды:
1) Екі жай санның қосындысы түрінде жазыңдар: 10, 12, 18
2) Екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар: 22, 35, 65
V. Сергіту сәті
Слайдта сандар беріледі. Егер жай сан болса шапалақтаймыз, ал құрама сан болса аяғымызды ұрамыз. 2, 3, 12, 11, 20, 15, 9, 13, 5, 16, 19, 8
VІ. Қатені тап
24 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 5, 8, 12, 24
7 санының еселіктері: 7, 14, 21, 28, 34, 35, 48, 56
21 санының еселіктері: 1, 3, 7, 21
14 санының бөлгіштері: 14, 28, 42, 56
VIІ. Арифметикалық фокус
Ислам, сен мына парақ қағазға кез келген үш таңбалы санды жаз. Қағазды Наргизаға бер
Наргиза, сен оң жағына сол санды қайтадан жаз. Алты таңбалы сан шығады.
Рамазан сен бұл санды 7 - ге бөл.
Арман, шыққан санды 11 - ге бөл.
Айсара, шыққан санды 13 - ке бөл.
Нұржігіт шыққан санды оқы. Ислам қандай санды жазды екен, Ислам дұрыспа?
Енді мен түсіндірейін. Мысалы 872 деген сан ойластырылсын. Сонда, 872872=872000 + 872=872*1000+872*1=872(1000+1)=872*1001. 1001=7*11*13. Сөйтіп, әуелде жасырын жазылған сан 1001 - ге көбейтілген, содан кейін қайта 1001 - ге бөлінген. Сонда алғашқы жасырын сан шығады.
VIІІ. Сабақты бекіту.
Семантикалық карта
Жұп сан
Тақ сан
Жай сан
Құрама сан
ІХ. Үйге тапсырма беру
Х. Бағалау

Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: