Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар
1 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Математика
Математика пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары.

1.Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау.(3 бет)
Сабақтың мақсаты: Математика оқулығымен таныстыру.Заттар туралы түсінік беру. Заттарды санауға үйрету. Ұқыптылққа бейімдеу.Ой-өрісін дамыту.Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрсету.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру: түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: 1.Математика оқулығымен таныстыру. 2.Заттар туралы мағлұмат беру.
Заттарды санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Кері санау: 10, 9, 8 ,7 ,6 ,5 ,4 ,3, 2, 1. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Сандарды тиісті ретпен орналастыру. 2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10
Ү.Сабақты қорытындалау: Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік? Нені санадық?
ҮІ. Бекіту. ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау
2. Сабақтың тақырыбы: Заттарды әр түрлі белгілері бойынша салыстыру.(4 бет)
Б) Балаларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбилеу
Көрнекілігі: Суреттер.
Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйдегі кісілерді санау.
ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.
Заттарды санату.Көрнекіліктер бойынша.Қанша?Неше?Нешінші? деген сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру.
ІҮ. Жаңа сабақ. - Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы. Заттарды салыстыру.
Оқулықпен жұмыс: Заттарды әртүрлі белгілеріне салыстыру.суретте неше доп бар?
Суретте неше шаршы, неше шар бар?

Салыстыру
- 1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Сана. Жасыл жолақтағы тапсырманы орындау
- 2. Сергіту сәті
Әртүрлі заттарды салыстыра отырып, ерешеліктерін анықтау.
Балапандарды санау,суреттер бойынша әртүрлі сұраққа жауап беру.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Өтілген тақырып бойынша тапсырма беру..
ҮІІ.Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау.
Онлайн жүктеп алу:
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: