Сабақ жоспарлары / Физика

Бақылау жұмысы - Физика, 8 сынып, 18 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы - Физика, 8 сынып, 18 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың  білімін тексеру.
  2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:


І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  

1 -нұсқа.

1.Зат құрылысының молекулалық теориясы негізінде балқу және кристалдану кезінде дененің температурасы неліктен өзгермейтіндігін түсіндіріңдер.
2. Калориметр ішінде массасы 100г, температурасы 0°С мұз бар. Калориметрге 100°С-тағы су буын жібереді. Барлық мұз еріген кезде калориметрде қанша су болады? Пайда болған судың температурасы 0°С. 
3. Тасқа соғылған кезде тугел еріп кету үшін мұз кесегінің жылдамдығы қандай болу керек?

2-нұсқа.

1. Қатты қыздырылған металды қандай су жылдам суытады: салқын су (*= 20°С) немесе ыстық су (1=100 °С) ?
2.Температурасы 0 °С , массасы 500 г су және массасы 300 г мұздан тұратын қоспаны 40°С температураға дейін қыздыру үшін 100°С-тағы буды жібереді. Су буының қажетті мөлшерін анықтаңдар.
З. Бастапқы температурасы 10°С су тамшысы соғылған кезде түгел буланып кету үшін қандай биіктіктен кұлау керек? Ортаның кедергісін және тамшы бетінің қирауына кететін энергия ескерілмесін.

ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §13-18 қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: