Сабақ жоспарлары / Физика

Күн жүйесіндегі кіші денелер. Күн жүйесінің шегі - Физика, 11 сынып, 81 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Күн жүйесіндегі кіші денелер. Күн жүйесінің шегі.
Күн жүйесіндегі кіші денелер. Күн жүйесінің шегі - Физика, 11 сынып, 81 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Күн жүйесіндегі кіші денелермен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру. 
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Күн жүйесіндегі кіші денелермен танысамыз. 
  1. Жер тобындағы планеталардан алып планеталардың айырмашылығы неде?
  2. Алып планеталар атмосфераларында күшті дауылды желдердің болу себептері неде?
  3. Уран планетасы неге көгілдір жасыл түсті?
  4. Шолпанда жыл маусымдарының ауысуы бар ма?
  5. Неге адамдардың бірінші экспедициясы Марсқа баруы керек?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 
Астероидтар. Кіші планеталар немесе астероидтар негізінен Марс пен Юпитер орбиталарының арасында айналады да, құралсыз көзге көрінбейді. Ең бірінші кіші планета 1801 жылы ашылды, оны дәстүр бойынша грек - рим мифологиясындағы бір есіммен - Церера деп атады. Іле-шала Паллада, Веста және Юнона деп аталатын басқа кіші планеталар да табылды. Фотосуретті қолданғаннан кейін, бәсеңірек астероидтарды да аша бастады. Қазіргі кезде 3000-нан астам астероид белгілі. Миллиардтаған жылдар бойы астероидтар бір-бірімен соқтығысуда. Бірқатар астероидтардың шар тәрізді болмай, қисық пішінді болатындығы да осындай пікір туғызады. Астероидтардың жиынды массасы не бары Жер массасының  0,1-дей деп топшылайды.
Ең жарық астероид - Веста 6 жұлдыздық шамадан жарық емес. Ең ірі астероид - Церера. Оның диаметрі 800 км шамалас, Марс орбитасының ар жағындағы мейлінше кішкене дискіден ең күшті телескоптың өзімен де еш нәрсе айыруға болмайды. Бізге мәлім ең кіші астероидтардың диаметрі бір километр маңында ғана  Астероидтарда, әрине, атмосфера жоқ. Аспанда кіші планеталар жұлдыздай болып көрінеді, сондықтан оларды астероидтар, көне грекше «жұлдыз тәрізді» деп атаған. Олардың жұлдызды аспан реңіндегі орын ауыстырулары планеталарға тән тұзақ тәрізді. Бағзы бір астероидтардың орбиталарының эксцентриситеттері ерекше үлкен, сондықтан олар перигелийінде Күнге Марстан, Жерден де жақынырақ келеді, ал Икар Меркурийден де жақынырақ келеді  1968 жылы Икар Жерге 10 млн км-ден де жақынырақ келді, бірақ оның мардымсыз тартылуы Жерге ешқандай әсер етпеді. Жерге оқтын-оқтын Гермес, Эрот және тағы басқа кіші планеталар жақын келеді.
Жыл сайын жаңа астероидтарды ашып жатады, бірінші болып ашқан ғалымның өзі ашқан планетаның есімін таңдауға толық еркі бар, ол осыдан соң халыкаралық комитетте бекітіледі. Астероидтарға көбіне белгілі ғалымдардың, қаһармандардың, өнер қайраткерлерінің есімдері беріледі. Мәселен, 1978 жылы ашылған астероидқа осы оқулықтың авторының құрметіне кейінірек Воронвелия деп ат қойды.
Кометалар
Күннен жырақтағы кеңістікте жүргенде комета өте көмескі, бозарған (центрінде ядросы бар) дақ түрінде көрінеді. Кометаның көбісі Күннің маңында да сол түрінде калады. Өте жарқырап, «құйрық» шығаратын кометалар - Күнге өте жақын өтетіндері ғана. Жерден қарағандағы кометаның түрі оған дейінгі қашықтыққа, Күнге дейінгі бұрыштық қашықтығына, Ай жарығына және тағы сондайларға байланысты болады. Ірі кометалар - ұзын қылаң құйрығы бар тұманданған шырақтар, олар түрлі апат, соғыс т. с. с. нышаны бар деп саналғанды. 1910 жылдың өзінде де патшалық Россияда «комета бейнесіндегі құдайдың қаһарынан» құтылу үшін мінажат қылып, намаз оқыған.
И.Ньютон кометаның жұлдыздар реңіндегі орын ауыстыруын бақылап, оның орбитасын алғаш есептеп шығарды да, кометаның, планеталар сияқты, Күннің тарту әсерімен күн жүйесінде қозғалатынына көз жеткізді. Оның замандасы, ағылшын ғалымы Э. Галлей (1656-1742) бұрын бақыланған көп кометалардың орбиталарын есептеп шығарды. 1531, 1607 және 1682 жылдарда көрінген кометалардың бәрі Күнге оқтын-оқтын (периодпен) оралып келіп отырған бір ғана, шырақ екенін тағайындады, әрі алғаш рет оның көрінетін уақытын жорып айтты. 1758 жылы (ол Галлей қайтыс болған соң 16 жылдан кейін) алдын-ала болжамдап айтқандай, комета шынында да көрінді және Галлей кометасы деп аталды. Афелийінде ол Нептун орбитасының ар жағына өтіп кетеді де, 75-76 жыл өткен соң Жер мен Күнге қайта оралады. 1986 жылы ол тағы да Күнге ең, жақын қашықтықта өтті. Тұңғыш рет кометамен кездесуге түрліше ғылыми аппаратурамен жабдықталған планетааралық автоматты станциялар бағытталды. 
Галлей кометасы периодты кометалардың қатарына жатады. Қазіргі кезде көптеген кометалар бар екені мәлім, олардың айналыс периодтары үш жылдан (Энке кометасы) он жылға шейін. Бұл кометалардың афелийі Юпитер орбитасының маңында. Кометалардың Жерге жақындауын және олардың аспандағы келешекте көрінерлік жолын үлкен дәлдікпен күні бұрын есептеп қояды.
Осымен бірге, айналыс периоды үлкен, өте созылыңқы орбитамен қозғалатын кометалар да бар. Біз олардың орбитасын парабола деп ұйгарамыз, ал шынында олардың созылыңқы эллипс болуы ықтимал. Комета жолының бізге, Жер мен Күн маңындағы аз ғана бөлігі белгілі осыдан параболаның эллипстен айыру оңай емес. Кометалардың көбісі құйрықсыз көне олар телескоппен ғана көрінеді.
Жыл сайын әлі де белгісіз болып келген бірнеше кометалардың ашылғандығы жайлы хабар түседі, олар алғаш аңғарған ғалымның фамилиясымен аталады. Каталогтарға бақыланған мыңға жуық кометалар тіркелді.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§11.4.   дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Күн жүйесіндегі астероидтерді қай маңайдан кездестіруге болады?
  2. Күн жүйесінде кемінде бір рет байқалған кометалардың тағдырлары қандай?
  3. Қазіргі көзқарас бойынша Күн жүйесінің шегі қайда?
  4. Жердің астероидпен немесе комета ядросымен соқтығывсуы мүмкін бе?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер   шығару. 11.4.1
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: