Сабақ жоспарлары / Физика

Әлем. Үлкен жарылыс. Әлем эвалюциясының негізгі кезеңдері. - Физика, 11 сынып, 84 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әлем. Үлкен жарылыс. Әлем эвалюциясының негізгі кезеңдері.
Әлем. Үлкен жарылыс. Әлем эвалюциясының негізгі кезеңдері. - Физика, 11 сынып, 84 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Әлем эвалюциясының негізгі кезеңдерімен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 
Сабақтың барысы:
І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру. 
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.   
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша әлем эвалюциясының негізгі кезеңдерімен танысамыз. 
  1. Біздің ғаламның қай жерінде жұлдыздардың шар тәрізді шоғырлары орналасқан?
  2. Әдеттегі галактикадан квазарлар қалай ерекшеленеді?
  3. Квазардың жылтырау периодының өзгерісі арқылы оған дейінгі қашықтықты анықтауға бола ма?
  4. Жер тобындағы планеталардан алып планеталардың айырмашылығы неде?
  5. Күн жүйесіндегі астероидтерді қай маңайдан кездестіруге болады?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 
Әлемнің масштабтары
Сендер Жердің табиғи серігі - Ай бізге ең жақын аспан денесі екенін, біздің планетамыз үлкендікішілі басқа планеталармен бірге Күн жүйесінің кұрамына енетінін, барлық планеталар Күнді айнала қозғалатынын бұрыннан 
білесіңдер. Өз кезегінде Күн, аспанда көрінетін басқа жұлдыздар тәрізді, біздің жұлдыздық жүйе - Галактиканың құрамына кіреді. Галактиканың мөлшерінін. аса зор екені соншалық, тіптен 300000 км/с жылдамдықпен таралатын жарықтын өзі онын бір шетінен екінші шетіне жүз мың жылда әзер жетеді. Әлемде мұндай галактикалар өте көп, бірақ олар бізден өте шалғай орналаскан, біз құралсыз көзбен олардың тек біреуін ғана - Андромеда тұмандығың ғана көре аламыз.
Жеке-дара галактикалардың ара қашықтығы көбіне олардың мөлшерлерінен ондаған есе артық болады. Әлемнің масштабтарын анығырақ түсіну үшін суретті зер салып қараңдар.
Жұлдыздар  Әлемдегі аспан денелерінің ең көп таралған түрі болып табылады, ал галактикалар мен олардың жиындары – Әлемнің негізгі құрылымдық бірліктері. Галактикалардағы жұлдыздардың арасындағы және галактикалар арасындағы кеңістік газ, тозаң, элементар бөлшектер, электромагниттік сәулелер, гравитациялық және магниттік өрістер түріндегі сиретілген материямен толтырылған.
Аспан денелерінің және олардың жүйелерінің қозғалысын, құрылысын, шығу тегін және дамуын зерттей отырып, астрономия бізге әлемнің тұтастай алғандағы құрылысы мен дамуы жайлы түсінік береді.
Әлемнің түпсіз тұңғиығына еніп, аспан денелерінің физикалық табиғатын зерттеп білуді ғылым мен техниканьщ түрліше салаларының қол жеткен табыстарының арқасында, осы күнгі астрономия қаруланған телескоп және басқа да приборлардыц көмегімен іске асыруға болады.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§12.2.   дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Метагалактиканың өлшемдері қандай?
  2. Үлкен жарылыс теориясына қазіргі кезде қандай дәлелдемелер бар?
  3. Біздің Күннің жасы қаншада?
  4. Біздің галактиканың жасы нешеде?
  5. Метагалактиканың қандай қасиеттері бар?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер   шығару. 12.2.1
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §12.2 Есептер   шығару. 12.2.2.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: