Сабақ жоспарлары / Физика

Тұтқыр сұйықты. Денелердің аққыштығы. Қанаттық көтеру күші - Физика, 10 сынып, 21 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұтқыр сұйықты. Денелердің аққыштығы. Қанаттық көтеру күші.
Тұтқыр сұйықты. Денелердің аққыштығы. Қанаттық көтеру күші - Физика, 10 сынып, 21 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың өз бетінше, тұжырым жасау, ойын айтып, баяндау дағдысының қалыптасу шараларын ұйымдастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Қатты дене мен сұйықтықтың механикалық қасиеттерін салыстыра отырып, білім-білік дағдысын дамыту.
    1. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың жауапкершілігін, нәтижеге жетудегі төзімділік қабілетін дамыту шараларын ұйымдастыру.  
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: плакат.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.  Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.  Б) есептерін тексеру.

 
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Сұйықтың механикалық қасиетін сипаттайтын теңдеулер.
Неге қатты дауыл үй шатырын жұлып кетеді.
Су сорғының жұмыс істеу принципі.
Су бүріккіштің жұмыс істеу принципі
Іштен жану қозғалтқышының карбюраторының жұмыс істеу принципі.
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Оқушылар алдын-ала бөлініп берілген лекция түрінде тақырып бойынша баяндайды.
  1. Тұтқыр сұйық.
  2. Денелердің аққыштығы.
  3. Қанаттың көтеру күші.
  4. Әр тақырып бойынша оқушылар қысқаша мәліметтер жазып алады, лекция оқыған оқыған оқушыларға сұрақтар беріледі.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
Оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын, өз ойын сауатты, мазмұнды баяндау қабілетін бағалау.    §3.2, 3.3, 3.4  дайындық сұрақтарын талдау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есеп шығарту. 7-жаттығу 
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §3.2, 3.3, 3.4  дайындық сұрақтары. 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: