Сабақ жоспарлары / Физика

Есептер шығару - Физика, 10 сынып, 22 - сабақ

Сабактың тақырыбы: Есептер шығару.
Есептер шығару - Физика, 10 сынып, 22 - сабақ

Сабактың мақсаты:
1. БілімділікСұйықтың механикалық қасиеттерін сипаттайтын теңдеулер мен заңдарға есеп шығаруға жаттығу. 
2.Дамытушылық. Есептің мазмұнын түсініп, шығарудың ыңғайлы әдістерін таңдай білуге жаттығу.
3. Тәрбиелілік. Физикадан есеп шығарудың талаптарын орындауға дағдылану.
Құрал-жабдықтар, көрнектіліктер:  Формулалар жинағы, дидактикалық материалдар.
Сабақ түрі: Семинар 
Әдіс-тәсілдер: Деңгейлік тапсырма, талдау.у.
Сабақ барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    1. Үй жұмысын тексеру.
    2. Есеп шығару.
    3. Сабақты қотындылау.
    4. Үйге тапсырма.
      1. Өткен сабақ бойынша оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптасуын тексеру.
      2. Тұтқырлық коэффициенті.
      3. Ламинарлық  және құйынды ағыс.
      4. Температура сұйықтың тұтқырлығына қалай әсер етеді?
      5. Маңдайлық кедергі, көтергіш күш дегеніміз не?
      6. Магнус эффектісі деген не?
      7. Көтеруші күш қалай пайда болады
ІІ.      Есептер шығару. 
  1. Деңгейлік тапсырмаларды оқушыларға бөліп беріп, әр топ шығарған есептердің мазмұны мен шығару жолын түсіндіреді.
ІІІ. Сабақты қорытындылау: Оқушылардың тақырып бойынша білім-білік дағдысын бағалау.
  1. Үйге тапсырма беру:§1.21 есептер жинағы. «Сұйықтар мен газдардың қозғалысы»

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: