Сабақ жоспарлары / Физика

Есептер шығару - Физика, 10 сынып, 53 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығарту.
Есептер шығару - Физика, 10 сынып, 53 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың электростатиканың негізгі заңдары тұйықталған жүйеде зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңының маңызы мен мазмұнын түсініп есеп шығаруға дағдыланудың тиімді.
  2. Дамытушылық мақсаты: Өткен тақырыпты талдап, салыстыра отырып, есеп шығару қабілетін дамыту.
  3. Тәрбиелік мақсаты: топтық намыс, адамгершілік, ұйымшылдық, ауызбіршілік сақтай отырып, есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеру.
Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, интеграция
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.   
  1. Субатомдық бөлшектер туралы мағлұматтар.
  2. Тұйықталған  жүйеде электр зарядының сақталу заңы.
  3. Нүктелік заряд деп қандайзарядты айтады?
  4. Кулон заңын тұжырымдаңдар.
  5. Электр зарядының бірлігі және тұрақты шамалардың физикалық мағыналары, сан мәндері, өлшем бірліктері.
  6. Диэлектрлік өтімділіктің физикалық мағынасы.
  7. Электр  өрісі деп  нені түсінеміз?
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
Оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптасуын бағалау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
15-жаттығу 5, 6 есептерді сыныпта шығарту.
3.1. есептер жинағы В.Кем.


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: