Сабақ жоспарлары / Физика

№8 Зертханалық жұмыс. Ток көзінің ЭҚК-ін және оның ішкі кедергісін анықтау - Физика, 10 сынып, 68 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: №8 Зертханалық жұмыс. Ток көзінің ЭҚК-ін және оның ішкі кедергісін анықтау.
№8 Зертханалық жұмыс. Ток көзінің ЭҚК-ін және оның ішкі кедергісін анықтау - Физика, 10 сынып, 68 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Ток көзінің ЭҚК-ін және оның ішкі кедергісін анықтау.
  2. Дамытушылық мақсаты: электр схемасы бойынша электр тізбегін жалғау, керекті шамаларды өлшеу. 
  3. Тәрбиелік мақсаты: электрден қауіпсіздік техникасын сақтау.
Сабақтың көрнекіліктері: ток көзі, амперметр, вольтметр, реостат (6 Ом), жалғағыш сымдар.
Теориялық  түсінік.
13-суретте беріолген сұлба бойынша реостат көмегімен толық тізбекке арналған Ом заңын қолданып, тізбектегі ток күшін өзгертеміз. Амперметр мен вольметрдің көрсетуі бойынша бірнеше өлшеулер жүргізіп, ЭҚК-мен ток көзінің ішкі кедергісін анықтаймыз.

Жұмыстың орындалу тәртібі:
  1. 13-суреттегі сұлбаға сәйкес тізбек құрастырыңдар.
  2. Реттегішті реостаттың ортасына қойыңдар.
  3. І1 амперметрдің және U1 вольтметрдің көрсетуін жазып алыңдар.
  4. Реостаттың реттеуішін жылжыта отырып, жаңа        орынға апарывыңдар.
  5. І2 амперметрдің және U2 вольтметрдің жаңа көрсетуін жазып алыңдар.
  6. формулаларды қолданып, ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісінің шамасын есептеңдер
  7. Өлшеу қателерін анықтаңдар.
А) ток көзінің ЭҚК-і деп нені айтамыз?
Ә) реостаттың реттегішін қай бағытқа қозғаған дұрыс? Неге?
Сабақты қорытындылау:
Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруге дайындық жасау.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: