Сабақ жоспарлары / Тарих

Дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары - 7 сынып

7-сыныпта оқытылатын Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихының мазмұнымен, авторларымен, қамтылатын материалдармен таныстыра отырып, жаңа оқу жылындағы тарих пәніне,  білімге деген  ынтасын күшейту.
Дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары - 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
  • 7-сыныпта оқытылатын Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихының мазмұнымен, авторларымен, қамтылатын материалдармен таныстыра отырып, жаңа оқу жылындағы тарих пәніне,  білімге деген  ынтасын күшейту.
  • ? Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап,  салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  •  Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Кіріспе
Әдісі:әңгімелеу.
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
  • 6-сыныпта өтілген Ежелгі дүние тарихы материалдарына шолу жасау.
  • Египет
  • Рим
  • Қосөзен
  • Грекия
  • Қытай
  • Жапония
  • Шумер және Аккад т.б.
Жаңа сабақтың жоспары:
  1. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
  • Ерте орта ғасыр-феодалдық құрылыстың пайда болуы
  • Гүлденген орта ғасыр-дамуы
  • Кейінгі орта ғасыр-ыдырауы
Сабақты бекіту:
  • Иә-жоқ
Бағалау:
Үйге тапсырма: Оқулықпен танысу


7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы
Сабақтың мақсаты:
  • Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі, Франк мемлекетінің құрылуы, олардың мемлекеттіңк құрылымы туралы оқушыларға баяндау.
  • Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:  карта суреттер
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Ü Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
  • Өткен жылға материалдарды қайталау.
Жаңа сабақтың жоспары:
  1. Герман тайпалары және олардың  Батыс Рим империясына басып кіруі.
  2. ІҮ-Ү ғасырлардағы ғұндар
    • Б.з.б. 50 жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударған. Ал ІҮ ғасырдың 70-жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы  Батысқа қарай   жылжуы тарихта  «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.
      1. Франк мемлекетінің құрылуы.
        •  Мемлекеттің негізін салушы салий франктерінің мереовей руынан шыққан көсемі Хлодвиг.«Сали ақиқаты»
          1. Мемлекетті басқару.
            • Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.
              1. Жер иелену
              2. Франктердің христиан дініне енуі.
Сабақты бекіту:
  • Рим империясының әлсіреуінің басты себебі неде?
  • G  Герман тайпаларын неліктен Рим жеріне басып кірді?
  • G  «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер басқарды?
  • G  Франктердегі жер иелену тәртібі қандай болды?
  • G  Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?
  • Құл иеленуші қоғам қашан жойылды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1. 

Онлайн жүктеп алу:

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: