Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Мәтіндегі диалект, кәсіби сөздер - Қазақ тілі, 6 сынып, 7 - сабақ

Тақырыбы: Мәтіндегі диалект, кәсіби сөздер.
Мәтіндегі диалект, кәсіби сөздер - Қазақ тілі, 6 сынып, 7 - сабақ

Білімділік:  Кәсіби және диалект сөздер туралы төменгі сыныпта өткендерін естеріне түсіре отырып, білімдерін тереңдету. Оқушыларды сөз мағынасына мән беруге үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу. 
Тәрбиелік: Туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар мәтіннің ішінен диалект, кәсіби сөздерді ажырата алады.
Сабақтың түрі. Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,  ізденушілік, жаттығулар орындату, ойын түрлері
Көрнекілік: оқулық,  түсіндірме сөздік, Венн диаграммасы.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметін тыңдау.
  • Оқу құралдарын ретке келтіру.
  • Оқушыларды тәртіпке шақыра отырып, сабақтың мақсаты айтылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
А) Сұрақ жауап:
  1. Термин сөздер дегеніміз не? мысал келтір
  2. Кірме сөздер дегеніміз не? Мысал келтір
  3. Араб-иран, орыс, монғол тілдерінен қандай сөздер кірген?
  4. Тіліміз қоры қалай байып отыр?
Ә) Түсіндірме сөздікті пайдаланып,  бес көп мағыналы, бес омоним сөз теріп жазыңдар.
(оқушылар тақтаға жазады немесе ауызша оқиды)

Б) 13-жаттығу: Көшіріп жазып, омоним сөздердің астын сызыңдар, мағынасын ашып келіңдер.
Тоқсанға келген жасым бар, көпті көрген басым бар...
Жасаулы жас қарағай, жас өспірім баладай.
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Қара түнде қара баспаса, Ертісті арлы-берлі кезген қайықшыны қашан көрдің?
Қарсақ жортпас қара адыр,
Қарамай неге шабасың?
IV. Жаңа сабақ: Мәтінге диалект, кәсіби сөздер.
Балалар, қане барлығымыз есімізге түсірейікші? Диалект және кәсіби сөздер дегеніміз не?
Ықтимал жауап:
  • Белгілі бір  жердегі (аймақтардағы, облыстардағы, аудандардағы)  адамдардың, тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын   сөздерді-диалект сөздер, ал   белгілі бір кәсіппен, шаруашылықпен шұғылданатын айналысатын адамдардың арасындағы айтылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.
Қысқаша түсінік:
Балалар, диалект сөздер жалпыхалықтық бола алмайды, өйткені олардың әдеби тілде баламалары бар. 
Мысалы:         әдеби тілдегі              
                        Тәртіп                                    Орал облысында:      нұсқау, бұйрық
                        Шалбар                                 Алматы, ШҚО:          сым
                        Қабырға                                Ақтөбеде:                   жар      
Кәсіби сөздер: екі салаға бөлінеді:
1. Қолөнершілік (ағаш, ұста, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік)\
2. Ауыл шаруашылығы (мал, астық, балық, аңшылық, бау-бақша, темекі, мақта, күріш, қызылша т.б.)
V. Оқулықпен жұмыс
23-жаттығу, /18 бет/ Мәтіндегі көп нүктенің орнына қандай терминді қолданар едіңдер. Неге? /оқушылар ауызша орындап, түсіндіреді.
24-жаттығу: Азық-түлік, тағам атауларына қатысты диалект сөздерді көшіріп жазыңдар.
25-жаттығу: Төмендегі сөздердің қандай кәсіпке, қандай мамандыққа байланысты қолданылатынын айтыңдар.
1) ауыл  шаруашылығы;
2)ұсташылық;
3)тігіншілік;
4)оқу-білім;
5)мал шаруашылығы
26-жаттығу:
Архаизм сөздерді бір бағанға, тарихи сөздерді бір бағанға көшіріп жазыңдар.
Архаизм сөздерТарихи сөздер
Зауза, қауыс, сәуір, бастаңғы, отырмақ, бөстек, шекпен, жаппа, кәтеп, қосын, шеру, көбе, адырна, сүңгі, ақырет, жатақ, желек.Болыс, ауылнай, сарбаз, атшабар, хан, ханзада, би, сұлтан, дабыл, алаш, қорамса, атқамінер 
Архаизм, тарихи сөздер дегенді қалай түсінесіңдер?
VІ. Ой сергіту жұмысы: Сөзжұмбақ «Диалект» (оқушыларға жеке кеспе қағаздар арқылы таратылады) Ең бірінші жауабын тапқан үш оқушы бағаланады. 3 минут уақыт беріледі)

Сұрақтары: 1. Сөздің ең кішкене бөлігі не?
2. Мағыналары қарама-қарсы сөздер қалай аталады?
3. Тіл қатысына қарай дауысты дыбыстардың бөлінуі.
4. Сөз мағыналарын зерттейтін тіл білімінің саласы ?
5. Тіл дыбыстарын зерттейтін біл білімінің саласы?
6. Сөздің айтылған кездегі соңғы буынның көтеріңкі дауыспен айтылуы.
7. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны.
VІІ.Сабақты Венн диаграммасы арқылы бекіту 


Үйге:
1. Диалект, кәсіби сөздер туралы оқып келу, мысалдар келтіру.
27- жаттығу: (ауызша) Төмендегі сөздерді оқып, тілде мұндай сөздерді не деп ататайтынын және оның себебін түісіндіріңдер.
28-жаттығу: Мәтінді оқып шығып, неологизмдерді теріп жазыңдар.
29-жаттығу: Берілген неологизмдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
VІІІ. Бағалау.

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: