Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Сын есімнің жасалуы - Қазақ тілі, 6 сынып

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ.  Сын есімнің жасалуы. 
Сын есімнің жасалуы - Қазақ тілі, 6 сынып

  1. Оқушылармен амандасу:
  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Отырыңдар. 
  1. Кезекшімен сөйлесу:
  • Сыныпта кім кезекші?
  • Бүгін сыныпта кім жоқ?
  • Оқушылар сабаққа дайын ба?
  • Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге: 63-64  беттердегі 127 – 131 – жаттығуларды орындау. Сын есім туралы түсінікті қайталап оқу.
1. Қайталау сұрақтары: 
  • 1.      Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  • 2.      Қандай мағыналық белгілері бар?
2. «Кім шапшаң» ойыны. 
Тақтаға тапсырма жазылған кесте ілінеді. Тапсырманы ең бірінші болып аяқтаған оқушы «шапшаң оқушы» болып саналады.
Берілген сын есім сөздердің сындық мағыналарын анықтап, тиісті зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.
Үлгі: Ұзын арқан. Ұсақ моншақ.
Ұзын. Қысқа. Аласа. Биік. Жеңіл. Қатты. Жұмсақ. Сұлу. Ащы. Тұщы. Лас. Таза. Нас. Қызыл.Ақ. Жаман.
3. Деңгейлік тапсырмалар орындату (таратпа қағаздар тарату). 
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сын есімнің жасалуы.
Сабақтың мақсаты: сын есімнің жасалу жолдарын меңгерту.
Сын есімнің жасалу жолдары
ЖұрнақтарМысалдар
-лы, -лі, - ды, -ді, -ты, -ті
-лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік
-сыз,-сіз
-дай, -дей, -тай, -тей
-шыл, -шіл
-паз
-шаң, -шең

-қы, -кі, -ғы,-гі
атақ-ты, пайда-лы, су-лы, сүт-ті
ауыл-дық, егіс-тік, шай-лық (сүт)
үй-сіз, бала-сыз
қар-дай (аппақ), тау-дай, сүт-тей
ұйқы-шыл, ақ-шыл, көп-шіл
өнер-паз, білім-паз
ашу-шаң, тер-шең
әдеб-и, тарих-и
жаз-ғы, кіз-гі, арт-қы
Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді  н е г із гі     с ы н 
 е с і м дейміз.
Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді  т у ы н д ы  с ы н   е с і м дейміз.
Сын есім тұлғасына қарай:
Негізгі                                            Туынды
ақ, таза, жақсы, терең,               тазалау, жастау, өнерлі,
үлкен, көк, аласа                              сусыз, көтеріңкі
    Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар үлкен екі топқа бөлінеді: 
                             
есім сөздерден сын есім                                        етістіктен сын есім 
тудыратын жұрнақтар тудыратын жұрнақтар
қыс-қы, су-лы, ағаш-сыз,тау-дай                          қорқ-ақ, бас-ыңқы, ту-ынды,
қала-лық, бой-шаң, білім-паз, тарих-и                   қаш-аған, ұрыс-қақ, көр-гіш
Сын есімдер, сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы да жасалады.  Бұлар құрамына қарай
Дара  сын есімдерКүрделі сын есімдер
  қара,көк,таза,қысқы,сөзшең                             үлкен –кіші, балалы-шағалы,                                                   
                                                                                    шұбар ала
Жаттығу жұмыстарын орындау:
132- жаттығу. Мақал –мәтелдердің мәнін ашыңдар. Олардағы сын есімнің мағыналарын айқындап, негізгі және туынды сын есімдерді ажыратыңдар.
Кеңпейілді атаның – қандай атаның? кеңпейілді - сын есім, заттың сапалық белгісін, сипатын білдіріп тұр. 
Құрамына қарай –дара, тұлғасына қарай – негізгі.
І қатар. 133-жаттығу. Берілген сын есімдердің сындық белгілерін анықтаңдар. Негізгі сын есімдерді  бір бөлек, туынды сын есімдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.  
Үлгі: негізгі сын есімдер: қысқа       туынды сын есімдер: тоғайлы
ІІ қатар. 134-жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі жақшада берілген сын есім жұрнақтарының тиістісін қойып, сөйлем құрап жазыңдар.
Үлгі: Әдепті бала – арлы бала.
ІІІ қатар. 135- жаттығу. Өлең жолдарын оқып, құрамындағы туынды сын есімдерді қанда жолмен жасалғандығын түсіндіріңдер.
Сұрақ –жауап:
  1. Біз бүгін сабақта нені білдік?
  2. Сын есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
  3. Негізгі сын есім дегеніміз қандай сын есім?
  4. Туынды сын есім дегеніміз қандай сын есім?
  5. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
  6. Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар нешеге бөлінеді? 
Үйге: 136-137 – жаттығуларды орындау. Сын есім туралы түсінікті қайталап оқу.
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. 
Сабаққа ынтасы төмен оқушыларға жекелеме тапсырмалар беру.

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: