Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Сын есімнің қатыстық және сапалық түрлері - Қазақ тілі, 6 сынып

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ.  Сын есімнің қатыстық және сапалық түрлері. 
Сын есімнің қатыстық және сапалық түрлері - Қазақ тілі, 6 сынып

  1. Оқушылармен амандасу:
  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Отырыңдар. 
  1. Кезекшімен сөйлесу:
  • Сыныпта кім кезекші?
  • Бүгін сыныпта кім жоқ?
  • Оқушылар сабаққа дайын ба?
  • Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге: 153-154-155 – жаттығуларды орындау. Сын есімнің мағыналық түрлері. (ереже оқу)
  • 1.      Оқушылардың жұмыс дәптерлерін түгендеу.
  • 2.      Үйге берілген жаттығулардың орындалған, орындалмағанын тексеріп шығу.
  • 3.      Ережені пысықтау:
    • Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
    • Қандай мағыналық түрлері бар?
    • Сапалық сын есімнің қатыстық сын есімнен айырмашылығы қандай?
    • Сапалық сын есім дегеніміз не? Мысал келтір
    • Қатыстық сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  1. Сөзжұмбақ шешу:
  • 1. Заттың түр-түсін, сын – сапасын тікелей анықтайтын сын есімді қандай сын есім дейміз? 
  • 2. Заттың сын – сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді     қандай сын есім дейміз?
  • 3. Қара, көк, таза, сары, терең деген сын есімдер қандай сын есімдер?
  • 4. Мына жұрнақтар: -лы, -лі, -сыз, - сіз, -ғы, -гі, -ық, -ік қандай сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар?
  • 5. Үстеуде де кездесетін жұрнақ түрі?
  • 6. Өнерлі … (мағынасына қарай қандай сын есім?)
  • 7. Төзімді …     (мағынасына қарай қандай сын есім?)



Бүгінгі сабақтың тақырыбы: - Балалар, бүгінгі сабағымызда сын есім туралы әлі де айтамыз. Сын есімнің қатыстық және сапалық түрлерін  одан әрі меңгереміз.
Сабақтың мақсаты: қатыстық және сапалық сын есімдер жайында түсінікті бекіту.
Сабақтың барысы: -Балалар, екі топқа бөлініп, сын есім тақырыбына байланысты әр - түрлі тасырмаларды орындайсыңдар. Қай топтың оқушылары жылдам орындайтын болса, сол топ жеңімпаз атанады.
Берілетін тапсырмалар:
  • 1)      Сапалық сын есімдерді бөлек, қатыстық сын есімдерді бөлек көшіріп жазыңдар, қай топ бір інші аяқтайды екен? 
Үлгі: сапалық сын есімдер: қызыл
            қатыстық сын есімдер: еріншек
Қызыл, еріншек. Ақылды. Қара ала. Түпсіз. Кең. Аласа. Анвввқ. Арсыз. Ибалы. Арғымақтай. Мықты. Пәлеқор. Жеңіл. Жайлы. Терең. Көк ала. Ақ құба. Ат жақты. Өтірік. Білгіш. Кәрі. Киімшең. Дымқыл. Жасық. Пайдасыз. Күпілдек. Арзан.
2) «Аю» және «Сиыр» мәтінін оқып, мазмұнын айтып беріңдер. Сын есімдерді атаңдар. 
Аю
    Ақ аю мен қара аюдыңтүрі-түсі бір- біріне ұқсамайды, бірақ туыстығы бірден аңғарылады. Полярдың ақ қар, көк мұзында тіршілік ететін ақ аюдың түсі әрқашан ақ болады. Қоңыр аюлар 

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: