Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Сан есімнің мағыналық түрлері - Қазақ тілі, 6 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Сан есімнің мағыналық түрлері.
- Оқушылармен амандасу:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Кезекшімен сөйлесу:
- Сыныпта кім кезекші?
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
- Оқушылар сабаққа дайын ба?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Сан есімнің мағыналық түрлері?
Ойын шарты: сынып топтарға бөлінеді.
А, Ә, Б, В, Г, Ғ үстелдеріне орналасады, әр топ өз тапсырмаларын оқып үйрену үшін 10-15 минут дайындалады.
Дайындалып болған соң оқушылар мынадай тәртіппен орын алмасады:
1 – үстелдің басына А-1, Ә-1, Б-1, В-1, Г-1, Ғ-1 жетоны
2 – үстелдің басына А-2, Ә-2, Б-2, В-2, Г-2, Ғ-2 жетоны
3 – үстелдің басына А-3, Ә-3, Б-3, В-3, Г-3, Ғ-3 жетоны
4 – үстелдің басына А-4, Ә-4, Б-4, В-4, Г-4, Ғ-4 жетоны
5 – үстелдің басына А-5, Ә-5, Б-5, В-5, Г-5, Ғ-5 жетоны барлар.
Тапсырма.
Заттың санын, ретін білдіреді. Неше? қанша? нешінші? Нешеу? Деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есім мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді.
А үстеліне | Ә үстеліне | Б үстеліне | В үстеліне | Г үстеліне | Ғ үстеліне | |
Түрі | Есептік | Реттік | Жинақтық | Болжал дық | Топтау | Бөлшектік |
ережесі | Заттың нақты санын білдіреді. | Заттың реттік қатарын білдіреді. | Заттың жинақталған санын білдіреді | Заттың санын дәл білдірмей болжамдап көрсетеді. | Заттың санын топтав көрсетеді. | Заттың бөлшектік санын көрсетеді. |
? | Қанша? Неше? | Нешінші? | Нешеу? | Қанша? Неше? Қай шамалы? | Нешеден? | Қанша? Неше? |
жасалуы | Түбір сан есімнің өзінен болады. | Сан есімдерге –ыншы,-інші,-нші жұрнағы жалғану арқылы | Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрнақтары жалғану арқылы | 1) –даған, -деген, -таған, -теген, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары 2) көпт. жалғ.+септик жалғ. арқылы 3) сан есім және шамалы, шақты, жуық тіркесуі арқылы 4) екі басқа сандардың қосарлануы арқылы | Шығыс септігі жалғауы арқылы жасалады. |
Ойынның І туры жарияланады. (10 мин)
Жаңа топта әрбір алғашқы топ өкілі әріптерінің кезегі бойынша өз тақырыптарын әңгімелейді.
ІІ тур.
Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралады. Мұғалім үстел сілтемелерін ауыстырады (сандардың орнына әріптерді қояды).
Тақтада (А-5, Ә-5, Б-5, В-5, Г-5, Ғ-5) ойыншылар өздерінің сызба конспектілерін қорғайды.
Мұғалім мен басқа оқушылар бақылап отырады.
ІІІ тур.
Қорытынды шығарады.
Бағалау.
Ортақ бағалау парағы.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | Топтың ортақ ұпайы | |
«А» | ||||||
«Ә» | ||||||
«Б» | ||||||
«В» | ||||||
«Г» | ||||||
«Ғ» |
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
Сабаққа ынтасы төмен оқушыларға жекелеме тапсырмалар беру.
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: