Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Нүкте. Леп белгісі - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Нүкте. Леп белгісі
Нүкте. Леп белгісі - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың мақсаты: Нүктенің «пунктиум» сөзінен алынғандығы, хабарлы сөйлемнен, жай, лепсіз айтылған  бұйрық, тілек мәнді.
Сөйлемдерден кейін қойылатындығы туралы түсінік қалыптастыру. Сауатты жазуға баулу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндірме, тәжірибе жұмыстары.
Көрнекілік: сызба , интерактивті тақта
Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Адами асыл қасиеттер» тақырыбындағы эссені оқу.
3. Жаңа сабаққа әзірлік
4. Жаңа сабақ кезеңі
Кестемен жұмыс (түсіндіру) 

НҮКТЕ
Негізгі қызметі:
  1. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады. Мыс: ертең ел жайлауға көшеді.
  2. Жай, лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады. Мыс: ертең елге бет түзе.  
Қосымша қызметі:
  1. Адамның аты, тегіеің бас әріптері шартты түрде қысқартылып алынғанда. Мыс: М.О.Әуезов.
  2. Драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін нүкте қойылады. Мыс: Арман. Сенбісің?! Қайдан жүрсің?
  3. Тағысын тағылар, тағы басқалар деген сөздер қысқартылып алынғанда нүкте қойылады. Мыс: т.б.
  4. Жыл, ғасыр, сағат, минут сөзі қысқартылып алынса нүкте қойылады. Мыс: Әл-Фараби (XI ғасыр) 
    

Лепті сөйлем –белгілі шындық құбылыс туралы,белгілі субьект  жайында  айтушының эмоциялық қатынысын ,сезімін,көңіл күйін үстемелей не арнайы білдіретін сөйлемдер.
Леп белгісінің қойылатын орындары:
1.Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. М:Қош келдің,ағатай!
2.Тілек ,өтініш,алғыс,бұйрық,зекіру,зіл сазындағы бұйрықты,алғыс, бата сөйлемдерден кейін қойылады.Мысалы:Болды!Тоқтат!
3.Ұранды және ерекше мәнмен көтеріңкі айтылған  атаулы сөйлемдерден кейін қойылады.М:Бірлік жасасын!
4.Көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа,одағай және жоқ,иә сөздерінен кейін қойылады.М:Алақай!Айтқам жоқ!
5.Сәлемдескенде айтылатын сұраулы щылауы бар сөздерден кейін,сұрау мәнін білдірмейтін қандай,неткен есімдіктері таңдану,қуануды білдіріп тұрса леп белгісі қойылады.М:Есенсіз бе?
Талдау жұмысы
1.Туу  бұл үлкен сыйлық қой,ақсақал!(леп,көтеріңкі леппен)
2.Қыран болатынын қайдан білесіз?(сұрау мәнде)
3.Қарт балапанның кішісін мақтады.(хабарлау мәнде)

                   Тапсырмалар. 1-тапсырма.
1-топқа.Мына сөйлемдерді талдау ,сүйсіну,қуаныш мәнде қарастырыңдар.
1.Танауыңды жарған хош иісті гүл........
2.Қос аққу бізге қарай жүзіп келеді.
3.Ертеңінде ерекше бір әсем үлкен ояндық.
2-топқа.Мына сөйлемдерді ренішті ,қорқынышты ,өкінішті  етіп құрыңдар.
1.Атамыз қазақ аққуды қадірлейді..........
2.Көл бетінен қорқынышты еш нәрсе байқалмайды.......
3.Тағы да үнсіз    Жалынкөлге тесіне қарады......
3-топқа.кесте толтыру.
                                                    БҰЙРЫҚТЫ  СӨЙЛЕМ
мысалдарЖасалу жолымағынасы
Ал түсіңдер,неге тұрсыңдар!
Одан да бір ән салшы,бауырым!
Ешкім ешқайда кетпесін!
Бұйрық райдың 2-жағы,
-шы,-ші жұрнағы арқылы
Бұйрық райдың 3-жағы
Талап ету,тоқтау салу,сес көрсету
Ескерту,өкініш,ұсыныс жасау
Сақтандыру,тоқтау салу

Тәжірибе жұмыстары: 
123-жаттығу.Жай , атаулы, толымды, толымсыз, сөйлемдердің ара жігін тауып, нүкте қойыңдар, келесі сөйлемдерді бас әріппен жазыңдар.
124-жаттығу. Нүкте қойылмаған жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің ара жігін тауып , нүкте қойыңдар.
125-жаттығу.Нүктенің қойылу себебін түсіндіріңдер.Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.
1-топқа.
138- жаттығу. Леп белгісін қажет ететін сөйлемдерді теріп жазыңыз, тыныс белгісін қойыңыздар.
 2-топқа.
141-жаттығу.Сөйлемдердің мағынасын  толықтыру үшін төмендегі сөздердің тиістісін қойып көшіріңдер.Қандай тыныс белгісі қажет?
  3-топқа.
142-жаттығу. Берілген тақырыптар бойынша әңгіме құрастырыңдар.
Бекіту үшін: сонымен нүкте драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін қойылады. 
  • Кейіпкерлердің айтқан сөзіне тікелей қатысы жоқ, автордвң түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін жақша ішінде нүкте қойылады. Айғаным. Ой, бағалы сыйлық екен! (қорапты үстел қоя салды) 
  • Жазуда кісі аттары, газет-журнал атаулары, басқа да сөз тіркестері шартты түрде қысқартылған жағдайда, әрбір әріптен, не буыннан кейін нүкте қойылады. 
Ескерту: 
  • бас әріптерден және буындардан қысқарған сөздердің әріптерінің немесе буындарының арасына нүкте қойылмайды. (ҚазМУ, ҚазҰТУ).
  • Ұзындық, көлем өлшемдерінің қысқартылунан кейін нүкте қойылмайды. (км, м, см, га,л)
Оқушылардың білімін бағалау. 
Үйге тапсырма: 126-жаттығу.«Кітапханада» тақырыбында диолог құру  
147-жаттығу, 148-жаттығу. 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: