Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Тіркесті сөздер - Қазақ тілі, 6 сынып, 19 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тіркесті сөздер.
Тіркесті сөздер - Қазақ тілі, 6 сынып, 19 - сабақ

Мақсаты: Білімділік: Тіркесті сөздер, олардың жазылуы  туралы толық мағлұмат беру.  Тіркесті сөздерге қандай сөздер жататындығы туралы мәлімет.
Дамытушылық:       Жаттығу жұмыстары арқылы ойын, есте сақтау қабілеттерін, іскерлік белсенділігін дамыту.
Білімділік: Ұқыптылыққа, саналылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, баяндау, тақтамен, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушыларды түгендеу; Оқу құралдарын бақылау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша:
1. Қызығушылықты ояту :   «Кубизм» стратегиясы бойынша   /кубиктің қырына сай  сұрақтар айтылады/
1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді? 
2- қырының  тапсырмасы : Қысқарған  сөздер қалай жазылады?
3-қырының тапсырмасы : Қысқарған сөзде күрделі атау  құрамындағы сөздердің қандай әріптері жазылады, егер қосымша жалғанса қалай жазылады? АҚШ-қа деген сөз қалай жазылады?
4-қырының  сұрағы: Қазақстан Медицина Институты деген сөз қалай қысқартылып жазылады. Қосымша қалай жалғанады?  
5- қырының сұрағы : Педагогтік колледж, медициналық колледж, атқару комитеті деген сөздер қалай қысқартылып жазылады, оларға қосымша қалай жалғанады? Педколледжге, медколледжге, аткомге
-6- қырының сұрағы : Техника түрлері (ұшақ, машина, трактор) маркаларын қалай қысқартып жазамыз. Қосымша қалай жалғанады.? ТУ-154-пен, Ан-2 –мен т.б.
-Әр түрлі өлшемнің атаулары ше, олар қандай әріппен жазылады, қосымша қалай жалғанады?   ? См, кг, м, т, га, цт.б.
2. Қысқарған сөздерді қатыстырып 5 сөйлем құрастыру тапсырылған болатын, қане, кім оқиды?
            103-жаттығу:
            Қысқарған сөздерді қатыстырып сөйлем құрау:
            Сызу сабағында форматтың оң жағынан 2 см-дей  жиек сызылады. Менің туған жерім қаладан 100 км қашықтықта орналасқан. Менің кішкентай інім күніне 1 л-дей сүт ішеді. Ауылдық жерде үйді жылыту үшін 5 т-дай көмір жағады. Мен Жезқазған қаласындағы пединституттың қазақ тілі  бөліміне түскім келеді. Жанар педколледждің соңғы курсында оқиды. Мектеп оқушылары ҚарМУ-де болған математикалық олимпиадаға қатысты. Менің атам бұрын колхозда қызмет атқарған. Мектептің екінші қабатында медпункт жұмыс жасайды. ҚХР-ның астанасы Пекин қаласы. Біз Мәскеу қаласына ТУ-104 ұшағымен ұшып бардық.
ІІІ. Жаңа сабақ: Тіркесті сөздер: 
Екі немесе одан да көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркесті сөздер деп аталады.  Бұлар мағынасы жағынан бір ұғымды болып келеді, бірақ бір-бірінен бөлек жазылады. Мысалы: боз торғай, сөз таптары, қара торы, үш жүз т.б.
     Тіркесті сөздерге 
Күрделі зат есімдер:
Мәдениет сарайы, Алматы қаласы, ауыл шаруашылығы;
Күрделі сын есімдер: қара кер, бидай өңді, ат жақты, ұзын бойлы;
Күрделі сан есімдер: он үш, екі жүз сексен бес;
Күрделі үстеулер: күні бойы, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін т.б. жатады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс 
Жаттығулар орындату
№104 араластыра берілген түбір сөздерден біріккен сөз жасаңдар:
Ақ-ақсақал, аққу, соқыр-теке, тоғыз-құмалақ, ақтамақ, ақбөкен, қарақұс, айырқұйрық, ақсақал, тоғызқұмалақ, қарақұмалақ, ақсүйек, соқыртеке, қараторғай, басқарма, әрқашан, әлдекім, кейуана, бірнеше, қайсыбір, әлдекім, әркезде, бірдеме, біркелкі
№109-жаттығу. Өлеңді оқып, құрамындағы күрделі сөздерді түріне қарай ажыратыңдар.
Қырық тоғыз,   Елу бір – күрделі сан есім;
Орыс-қазақ, аунап-қунап  – қосарланған қос сөз
Алатау-біріккен сөз, ала және тау
110-жаттығу.Мақал-мәтелді сөз құрамына талдап, мағынасын түсіндіріңдер
  1. Ұл баланың үйкүшік болғаны жараспайды,   
Қыз баланың қыдырмашы болғаны жараспайды
2.Қыздың аңқауынан сақта
Ұлдың жалқауынан сақта.
3.Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
4.Баланың бас ұстазы - ата-анасы.
5. Тентек баланы теке сүзеді.
Ү. Үйге тапсырма
            106-жат. Сөйлемдегі қос сөздердің  арасына дефис қойып көшіріңдер. 
            108-жат.: Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазыңдар.
            ҮІ. Сабақты бекіту үшін сұрақтар: Тіркесті сөздер дегеніміз не? Мысалдар келтіріп, түсіндір.
            ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: