Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілер - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілер
Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілер - Қазақ тілі, 9 сынып

Мақсаты: Сөйлем  соңында қойылатын тыныс белгілердің қандай 
                   жағдайларда қабаттасып қойылатыны жөнінде хабар беру.Жалпы 
                   сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Көрнектілігі :оқулық,сызба,тақта.
Әдіс-тәсілдер:түсіндірме,талдау,тәжірибе жұмыстары,салыстыру.
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
                          2.Үй тапсырмасын сұрау.
                           3.Жаңа сабаққа әзірмін.
                          4.Жаңа сабақ кезеңі:
Сөйлем  соңында тыныс белгілер мынадай жағдайда қабттасып қойылады:
1.Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда ,сұрақ басым болса ,сұрау белгісі бұрын ,көңіл күй екпіні басым болса,леп белгісі бұрын қойылады.Мысалы:Осылай боларын білдім бе мен?
2.Ой аяқталмаған жағдайда бірінші бөлігі сұрау мағынасы болса, алдымен сұрау белгісі ,сосын көп нүкте қойылады.Мысалы :Мына жайды байқадың ба ?.........
3.Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына үтір,сызықша қойылады.Мысалы:Көнгім келмеді ,-амалым не?
4.Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен:
-леп белгісімен қабаттасуы;
-тырнақша мен үтір;
-көп нүкте,нүкте,сұрау,леп белгілері қабаттасады.
Тәжірибе жұмысы.Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілердің қойылу орнына қарай мысал жазу.Әр қайсысы 4 мысалдан жазып,ортаға салу.
151-жаттығу. Сө тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтарды тауып, сөз табына талдаңдар. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңдар.
152-жаттығу.Сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып көшіріңдер. Сингармонизм заңына бағынбайтын қосымшаларды анықтаңдар.
153-жаттығу. Сөйлемдердің соңына тыныс белгілерін қойып , көшіріп жазыңдар.Мәтіннен негізгі ойды табыңдар.
Қорытындылау үшін: 
  • 1.     Пунктуация нені зерттейді?
  • 2.     Тыныс белгілердің қандай түрлері бар?
  • 3.     Тыныс белгілерін қоюдың қандай принциптер бар?
  • 4.     Қандай тыныс белгілер сөйлем соңында қойылады?
  • 5.     Қабаттасып қойылатын тыныс белгілерінің ерекшелігі неде?
Бағалау:білім деңгейлерін,сабаққа қатысына байланысты
Үйге: 154- жаттығу.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: