Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Көп нүкте, қойылатын орындары - Қазақ тілі, 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көп нүкте, қойылатын орындары
Сабақтың мақсаты: Көп нүктенің ой аяқталмай қалған кезде, алынған цитаталардың басынан не соңынан сөйлем не сөз қалдырылса, сөйлеушінің ойының бөлініп, дауыс ырғағында үзіліс болған жағдайда, айтылып жатқан ойға күтпеген ой араласса тарихи деректердің ескіріп, жойылып кеткен тұстарына қойылатынын меңгерту. Саутты жазуға баулу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндірме, талдау, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: интерактивті тақта, оқулық, жеке, шығармашылық жұмыстар, тәжірибе жұмыстары.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сыныппен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеу.
2. Жаңа сабаққа әзірлеу: сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
3. Жаңа сабақ: мұғалімнің кіріспе сөзі. Аяқталмай, іште қалған ойды тұспалдап, көп нүкте қойылады. Көпшілік назарына ұсынылатын шығармада автордың мақсатына орай көп нүкте қойылатын тұстар болады.
КӨП НҮКТЕ. ҚОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАРЫ
Тәжірибе жұмыстары:
Шығармашылық тапсырма.
1-нұсқа. 1) Көп нүктенің қойылатын орындарының әрқайсысына екі
мысалдан ойлап жазу.
2) Екі адамның ортасындағы диолог жаз. Көп нүктелі сөйлемдердің
көп болуына мән бер.
3) 149-жаттығу . Мәтінді оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін
түсіндіріңдер.Тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар.
2-нұсқа. 1) Көп нүктенің қойылатын орындарының әрқайсысына екі
мысалдан ойлап жазу.
2) «Ыстық қой, шіркін, туған жер!...» тақырыбында ой толғау жазу.
Сөйлемдерде көп нүктенің болуын ойластыр.
3) 150-жаттығу.Тиісті тыныс белгілерін қойып , көшіріп жазыңдар.
4. Сабақты бекіту үшін:
1. Сұрау белгісінің қойылатын орындарын санамалап айт.
2. Леп белгісі қандай жағдайда қойылады?
3. Көп нүктенің қойылатын орындары қандай? Мысал келтір
Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалау.
Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттерден көп нүкте қойылған сөйлемдерді тауып жазып келу, жасалу жолын айту. Өзің қалаған тақырыпта ой толғау жаз, жазған сөйлемдеріңе көп түктені қатыстыр.

Ой аяқталмай немесе бір ой келесі оймен байланысқа түспей шашы-раңқы айтыл-ғанда көп нүкте қойылады. Мыс: Сен келгенде... Ә ,оны айту міндетті емес. | Алынған цитатаның не алды, не соңы-нан өзге де мысалдарда сөйлем не сөз қалдырылған жағдайда көп нүкте қойыла-ды. Мыс:...Ыстық қой, шіркін, туған жер!... | Сөйлеушінің көңіл-күй әсе-рінен қысылып, ойы бөлініп, дауыс ырғағына үзіліс болған жағдайда көп нүкте қойыла- ды. Мыс: Сен мені ... мен... мен... сені ...дос ретінде түсіне алмадым... кешір, - деді ғой. | Айтылып келе жатқан ойға күтпеген алшақ жатқан ой қосылып кетсе, алды-нан көп нүкте қойылады. Мыс: Сол жылы қы-зылшадан көп өнім алдық. ... Жарықтық балажан еді ғой. | Тарихи, ғылыми деректердің қол жазбаларында жойылып кеткен түсініксіз тұс-тары болғанда көп нүкте қойылады. Мыс: VII- сізлерге беремін туртум, дой еді... |
Шығармашылық тапсырма.
1-нұсқа. 1) Көп нүктенің қойылатын орындарының әрқайсысына екі
мысалдан ойлап жазу.
2) Екі адамның ортасындағы диолог жаз. Көп нүктелі сөйлемдердің
көп болуына мән бер.
3) 149-жаттығу . Мәтінді оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін
түсіндіріңдер.Тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар.
2-нұсқа. 1) Көп нүктенің қойылатын орындарының әрқайсысына екі
мысалдан ойлап жазу.
2) «Ыстық қой, шіркін, туған жер!...» тақырыбында ой толғау жазу.
Сөйлемдерде көп нүктенің болуын ойластыр.
3) 150-жаттығу.Тиісті тыныс белгілерін қойып , көшіріп жазыңдар.
4. Сабақты бекіту үшін:
1. Сұрау белгісінің қойылатын орындарын санамалап айт.
2. Леп белгісі қандай жағдайда қойылады?
3. Көп нүктенің қойылатын орындары қандай? Мысал келтір
Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалау.
Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттерден көп нүкте қойылған сөйлемдерді тауып жазып келу, жасалу жолын айту. Өзің қалаған тақырыпта ой толғау жаз, жазған сөйлемдеріңе көп түктені қатыстыр.
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: