Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар

1 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Еңбекке баулу

Еңбекке баулу  пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары. 
1 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Еңбекке баулу

Сабақ тақырыбы: Кіріспе.  «Еңбекке баулу »

Сабақ мақсаты:1Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін айту.2Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын, ой - өрісін дамыту.3Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу. 
Сабақ түрі:  жаңа сабақ
Сабаққа қажетті материалдар: еңбекке баулу оқулығы, суреттер.
Сабаққа қолданатын құралдар: плакатты суреттер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды сабаққа даярлау. - Қажетті құрал – жабдықтарын даярлау.- Еңбек туралы білетіндерін сұрау.
ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау:Қосымша сұақтар қою.
ІІІ. Негізгі бөлім:Еңбектің түрлері бірнеше блоктар бойынша ұсынылады. Онда әр блоктың өзіне тән белгілері мен ерекшеліктеріне қарай жұмыс іріктеліп алынады.
Қымбатты балалар!
Қолдарыңдағы «Еңбекке баулу» оқулығы еңбек сабағындағы көкектің әрі ақылшы досың болатынын айту. - Егер сен гүлге су құйсаң, тал ексең бақта жұмыс етсең, табиғатқа пайда келтіресің.- Еңбекке баулу сабағы: 


ІV.Қорытынды бөлім:.Егер еңбек сабағында жақсы жұмыс істеуге дағдылансаңдар, келешекте жақсы инженер, дәрігер, құрылысшы, аспазшы, ғарышкер бола аласыңдар.
V. Үйге тапсырма,бағалау: «Еңбектің наны тәтті»Жалқаудың жаны тәтті мақалын талдау.

2.Сабақ тақырыбы:  Өзіне - өзі қызмет ету.


Сабақ мақсаты:  1. Өзіне - өзі қызмет етудің түрлерімен таныстыру 2. Өзіне -өзі қызмет етуге әр баланың қолынан келетіндігі туралы айта  отырып еңбекке деген қызығушылықтарын дамыту. 3. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке   тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: суреттер, еңбек құралдар.
Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды сабаққа даярлау.- Оқу құралдарын түгендеу. 
ІІ. Өткен сабақты қайталау:1. Еңбек деген не? 2. Еңбек адамға не үшін қажет?3. Еңбекке баулу сабағы нені үйретеді?4. еңбектің пайдасы туралы.
ІІІ. Мақсат қою:- Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: «Өзіне -өзі қызмет ету» деп аталады. Өзіне - өзі қызмет етуге:«Киімді күтіп кию», «Жамау салу», «Түйме қадауды үйрену», «Мектепке дайындалу», жатады.
ІV. Жаңа сабақ: 1. 7 – бет Өзіне - өзі қызмет ету.  Өзіне -өзі қызмет ету – біздің күнделікті атқаратын ісіміз. Ол киімді,төсек – орынды жинаудан басталады.  Біз оқу құралдарымызды күтіп ұстауға, сынып бөлмесінің тазалығын сақтауға тырысамыз. Бұл да өзіне - өзі қызмет ету еңбегіне жатады.Оқулықпен жұмыс жасау.
V. Қорытынды бөлім:- Оқушыларға сурет бойынша әңгімелету.- Өзіне - өзі қызмет етудің тағы қандай түрін білесіңдер?
VI.Жаңа сабақты бекіту:
VII. Үйге тапсырма беру,бағалау: Әкемізбен анамыздан өзіне - өзі қызмет етуді үйрету.Мектепке дайындалу.  (әңгімелеу).
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: