Сабақ жоспарлары / Физика

№1 Зертханалық жұмыс - Физика, 9 сынып, 4 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: №1 Зертханалық жұмыс. «Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау»
№1 Зертханалық жұмыс - Физика, 9 сынып, 4 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу.                                     
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.                                     
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері:плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, қалтқы, кең ыдыс, пластилин, секундомер,сызғыш.

Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
  2. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
  3. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
    1. Ол үшін шардың белгілі бір t  уақытта жүріп өтетін s орын ауытыруының ұзындығын өлшейді. Бастапқы жылдамдықсыз теңүдемелі қозғалыс кезінде орын ауыстыруы s=at2/2   болатындықтан, s-пен  t-ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтаңдар:  a=2s/t2
    2. Теңүдемелі қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс?
    3. Мына төмендегі физикалық шамалардың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірліктері:  Жылдамдық-м/с; Үдеу-м/с2; Уақыт-с; Орын ауыстыру-м 
    4. Үдеудің проекциясының формуласы:_________
    5. Теңүдемелі қозғалыстың орын ауытыруының формуласы:__________
    6. Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
VI. ДК. Үй тапсырмасын беру:  қайталау
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: