Сабақ жоспарлары / Физика

№8 Зертханалық жұмыс - Физика, 8 сынып, 53 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: №8 Зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттің  қасиеттерін зерделеу және магнит өрісінің кескінін алу.»
№8 Зертханалық жұмыс - Физика, 8 сынып, 53 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: тәжірибе жүзінде магнит өрісінің қасиеттерімен танысу, магнит өрісінің күш сызықтарының кескінін салуды үйрену, тәжірибе-физикалық теорияның негізін құрайтынын көрсету.                                 
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.                                      
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері:
плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, 

Сабақтың барысы:
  1.  Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
    1. Тұрақты магниттер дегеніміз не? Олардың электромагниттерден айырмашылығы қандай?
    2. Тұрақты магниттердің полюстері дегеніміз не?
    3. Тұрақты магниттердің магнит өрісі жөнінде не айтуға болады?
      1. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
      2. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
      3. Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
      4. Сабақты бекіту.
VI. ДК. Үй тапсырмасын беру: §52, 53
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: