Математика

Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы: рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін қолданады; Оқушылардың көпшілігі: рационал сандарды қосу мен көбейтудің терімділік қасиетін біледі;
Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Сабақ тақырыбы: Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері
Оқу мақсаттары / ұзақ мерзім жоспардан 6. 1. 2. 17 рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану;
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың барлығы: рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін қолданады;
Оқушылардың көпшілігі: рационал сандарды қосу мен көбейтудің терімділік қасиетін біледі;
Оқушылардың кейбірі: рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік, үлестірімділік қасиеттерін есеп шығаруда қолданады.
Бағалау критерийлері Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін қолданады;
Тілдік мақсаттар:
Бөлім бойынша лексика мен терминология
- рационал сандарды көбейтуді/бөлуді ауызша айқындайды;
- жай бөлшекті ондық бөлшекке және ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды түсіндіреді;
- рационал сандарға амалдар орындау қасиеттеріне сүйенеді
Құндылықтарды қалыптастыру Құндылық: Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары/ «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
Пәнаралық байланыс Тарих (өткенді қайталауға берілген мәтінде ), әдебиет (тапсырма орындауда мақалды табу)
Алдынғы білім
Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Сабақтың презентациясын жүктеу
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: