Әдістемелік көмек / Физика

7-9 сыныптарға арналған «Тұрмыстағы физика» факультативтік курсы

«Тұрмыстағы физика» факультативтік курсының бағдарламасы оқушылардың қабілеттілігінен, қызығушылығынан және кәсіптік мүддесінен туындайтын арнайы мақсатын ескере отырып дайындалды. Бағдарлама негізгі курстың мазмұнына негізделіп құрылған. Бағдарлама тақырыптарға бөлініп, үлгі жоспар ретінде берілген. Барлығы  34 сағат, аптасына 1 сағаттан. 
7-9 сыныптарға арналған «Тұрмыстағы физика» факультативтік курсы

Мақсаты: 
- физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу; 
- табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту; 
- физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдауға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру. 

Міндеті: 
- оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту;  
- физикалық құбылыстарды бақылау, оны түсіндіру, өз бетінше зерттеулер жүргізу біліктілігін қалыптастыру; 
- жауапкершілікке, ғылыми және экологиялық мәдениетке, физика ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу; 
- ғылым мен техниканың, заманауи технологиялардың негізгі даму бағыттары туралы түсінік қалыптастыру. 
 
7-сынып 

1. Физика  және  астрономия  табиғат  туралы  ғылымдар - 5 сағат. 
Физика және табиғат. Ғылыми- техникалық жетістіктер. Физикалық және астрономиялық құрал-  жабдықтар. Физикалық шамалар. Өлшемдердің  метрлік жүйесі.  

2. Заттың құрылысы - 3 сағат. Заттардың  молекулалық құрылысы. Диффузияның пайдасы мен зияны. Зат күйлерінің ауысуын практикада қолдану. 

3. Қозғалыс - 6 сағат.   Қозғалыстың салыстырмалылығы. Санақ жүйесі. Материялық нүкте. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Дененің қозғалыс графигі. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.  

4. Масса және күш- 8 сағат. Күнделікті өмірдегі инерция. Дененің массасын анықтау тәсілдері. Күшті сипаттауға сапалық есептер шығару. Пластикалық және серпімді деформация. Теңәрекетті күш. Үйкеліс түрлері. Дененің тығыздығын анықтау. Серпімділік және ауырлық күштерінің арасындағы байланыс.  

5. Қысым-7 сағат. Паскаль заңын қолдану. Газдың қысымы. Сұйықтық ішіндегі қысым. Атмосфералық қысым. Архимед күшінің әрекеті. Гидростатикалық өлшеу әдісі. Денелердің жүзу шарттары.  

6. Жұмыс. Қуат. Энергия - 5 сағат. 
Дененің механикалық энергиясының өзгерісі. Ауырлық күші әрекетінен дененің потенциалдық энергиясы.  Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. Механизмнің пайдалы әсер коэффициенті. 


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: