Бастауыш сыныптар

Бейбіт өмір тамаша

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 4. 2. 3. 1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу Сабақтың мақсаты: шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтайды; • автордың ойын мәтін...
Бейбіт өмір тамаша

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі  «------------------------- орта мектебі» КММ Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 91-сабақ

Бөлім:



Ғарышқа саяхат



Мұғалімнің  аты-жөні








Күні:








Сынып: 4



Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы



Бейбіт өмір тамаша



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре  отырып  дәлелдеу



Сабақтың мақсаты





шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтайды;



автордың ойын мәтін деректерінен келтіре  отырып     дәлелдейді.



      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің  әрекеті



Оқушының әрекеті



Бағалау



Ресурстар



Ұйымдастыру, 
өзін –
өзі тексеру
8 мин



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу: 
-Үй тапсырмасын сұрау.
-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.
Топқа бөлу «Пазл» әдісімен сурет бөліктерін таңдау арқылы жүреді. 
Жаңа оқу материалын жариялау «Пазл» , «Ой қозғау» әдістері:
- Берілген бөліктерден суретті құрастырыңдар.   
-Қандай сурет шықты?
-Сурет бойынша қандай әңгіме құрастыруға болады?
-Олай болса, бүгінгі сабақта бейбіт өмір туралы әңгімелесіп, шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтаймыз, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре  отырып  дәлелдейміз.



Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді. 
Сұрақтарға жауап береді.



«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың! 
Тамаша!
Жақсы!



Бөліктер-ге бөлінген суреттер



Жаңа білім
17 мин
Бекіту
15 мин



(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі:
А) Тыңдалым.
«Ақ көгершін» әнін тыңдату, қосыла айтқызу.
Ә) Автор туралы мәлімет.
-Мәліметті оқып, әңгімелеңдер.
Б) Мәтінмен жұмыс.
-Өлеңді мәнерлеп, тізбектей дауыстап оқыңдар.
Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. 
Кейбір оқушыға: 
- Ғарыш туралы тағы қандай мәлімет айта аласың? 
(Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады. 
А) Талдау.
-«Табылар бір тіршілік» деген кейіпкердің арманын түсіндіріңдер.
-Ақынның басқа ғаламшарға бару туралы арманы орындалуы мүмкін бе?
Ә) Сұрақ-жауап.
- Мына заттар - ақын үшін ненің белгісі?
-Бейбітшіліктің белгісі ретінде суретке не қосар едіңдер?
Б) Кестемен жұмыс.
Б) Қорытындылау.
-Өлеңдегі негізгі ой қай шумақта айтылған? Оқып беріңдер.



Ән айтып сергиді.
- Тапсырма орындайды.
-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. 



Дескриптор:
Ән айтады-1балл.
Автор туралы әңгімелейді-1балл.
- Өлеңді оқиды-2балл.
- Кейіпкердің арманын түсіндіреді-1балл.
Ақынның басқа ғаламшарға бару туралы арманы орындалуы мүмкіндігі туралы әңгімелейді-1балл.
Бейбітшіліктің белгісі ретінде суретке не қосатынын айтады-1балл.
- Кестені толтырады- 2балл.
- Өлеңдегі негізгі ой айтылған шумақты оқиды -1балл.



«Әде-
биеттік оқу» оқулығы
3-бөлім
4 сынып 2019ж



Қорытын-ды
5 мин



Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді. 
Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу  тапсырмасы: өлеңді мәнерлеп оқу, сурет салу.



Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.



ҚБ қойылады.







​Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: