Бастауыш сыныптар

Біздің ғажайып түсіміз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 4. 1. 4. 1 сөйлеу барысында мақал - мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану Сабақтың мақсаты: сөйлеу барысында мақал - мәтелдерді, өлең...
Біздің ғажайып түсіміз

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі  «------------------------- орта мектебі» КММ Қысқа мерзімді жоспар
      Әдебиеттік оқу 90-сабақ

Бөлім:



Ғарышқа саяхат



Мұғалімнің  аты-жөні








Күні:








Сынып: 4



Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы



Біздің ғажайып түсіміз



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану



Сабақтың мақсаты





сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.



      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің  әрекеті



Оқушының әрекеті



Бағалау



Ресурстар



Ұйымдастыру, 
өзін –
өзі тексеру
8 мин



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді. 
-Берілген суреттерден біреуін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар.
Өткен тақырыпқа шолу: 
-Үй тапсырмасын сұрау.
-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып жауап алыңдар.
Жаңа оқу материалын жариялау «Мозайка» әдісі:
-Топқа бөлінгенде алынған сурет бойынша әңгіме құрап айтыңдар. Үш топ құраған әңгімеден толық жүйелі мәтін шығуына көңіл бөліңдер.
-Өте жақсы, бүгінгі сабақта түс туралы шығарма оқып,  сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді, тілдік құралдарды қолданатын боламыз.



Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді. 
Сұрақтар қояды, сұрақтарға   жауап береді.



«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың! 
Тамаша!
Жақсы!








Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин



(Т) 1- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады. 
А) Түсінік.
-Әзіл туралы анықтаманы оқып, түсіндіріңдер.
Ә) Мәтінмен жұмыс.
-Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқыңдар.
-Өлеңдегі оқиғаны 3-жақта әңгімелеп айтыңдар.
-Қыз бала неліктен осындай түс көрді?
Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. 
Кейбір оқушыға: 
- Өзің көрген қызықты түсті әңгімеле.
Сергіту сәті – құстар үні.
(Д, Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі,     дәптермен жұмыс жүзеге асырылады. 
А) Іздеу.
-Кейіпкердің көңіл-күйіндегі өзгерісті мәтіннен тауып оқыңдар.
-Лайықты сөзді тауып айтыңдар.
Оның (несі)... су сепкендей басылды.
Ә) Салыстыру.
Сурет бойынша құраған әңгімелеріңді мәтінмен салыстырыңдар.
Б) Әңгімелеу.
-Өздерің қиял-ғажайып түстер көресіңдер ме? Әңгімелеңдер.
В) Қорытынды.
Абай атаның: «Өзіңе сен, өзді алып шығар,
                    Ақылың мен еңбегің екі жақтап»
деген сөзін негізге алып, кейіпкерге не айтар едіңдер?



- Тапсырма орындайды.
Құстар үнін тыңдап сергиді.
-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. 



Дескриптор:
- Әзіл туралы түсіндіреді-1балл.
Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды-2балл.
- Өлеңдегі оқиғаны 3-жақта әңгімелеп айтады-2балл.
Дескриптор:
- Кейіпкердің көңіл-күйіндегі өзгерісті мәтіннен табады-1балл. 
Сөйлемге лайықты сөзді тауып айтады-1балл. 
-Сурет бойынша құраған әңгімені мәтінмен салыстырады-1балл.
- Өздерінің қиял-ғажайып түстерін әңгімелейді-1балл.
- Кейіпкерге кеңес айтады-1балл.



«Әде-
биеттік оқу» оқулығы
4 сынып
3-бөлім 2019ж
Құстар үні



Қорытын-ды
5 мин



Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді. 
Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу  тапсырмасы: мәтінді мазмұндау, сәйкестендіру. 



Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.



ҚБ қойылады.







​Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: