Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Диктант «Мұхтармен кездесулерім» - Қазақ тілі, 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Мұхтармен кездесулерім»
Сабақтың мақсаты: Сөйлем ішінде қойылатын және сөйлем соңында
қойылатын тыныс белгілер туралы алған білімдерін
бекіту, сауаттылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, нәтиже сабақ.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жазба жұмысы
Мұхтармен кездесулерім
Мұхтар Омарханұлы Әуезовпен менің алғаш таныстығым 1932 жылдан басталды. Мен ол тұста он үш жасар бала едім. «Қазақ әдебиеті» газетінен Әуезовтің «Көксерек» повесін оқыдым.
Мен енді жазушымен қайта табысудың әрбір сәтін іздейтін болдым, оның қаламынан шыққанның бәрін жатқа білдім.
Тап осы жылдың күзінде Павлодардың клубы сахнасынан Әуезовтің өзін көрдім. Әуесқойлар театры оның «Еңлік – Кебек» пьесасын қойды.
Жылдар өтті. Соғыс кезінде үйім маған «Абай» романының бірінші кітабын жіберіпті. Алғашқы бетін қолым дірілдеп, демігіп тұрып аштым. Өз ана тілімнің хош иісі аңқыды. Ұзақ түнде көз ілмей оқып, сәуле кіре тәмамдадым. Жан – жүйкемді кітаптың әсері билеп, астаң – кестең көңіл – күйден бір жұма бойы арыла алмадым.
Абай! Ауылда өзіміз әнін шырқап, өлеңін жаттаған Абай. Мен өзім зерттеу жазған Абай... Бұл ғана ма? Менің көз алдымда Абай – азамат, Абай – ақын, Абай – ойшыл тұрды, оның ұлылығы мен даналығын терең түсіне танып біле түстім.
Енді, міне, «Абайдың» төрт кітабы алдымда жатыр. Мен оларға анықтамаға жүгінгендей жүгінем, өйткені Әуезов шығармалары тек көркем роман емес, қазақ өмірі мен тілінің энциклопедиясы. (З.Шашкин, 165 сөз).
Үйге: Пунктуация бойынша ережелерді қайталау

Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: