Рефераттар

РГР: Қазақстан және Сталинград шайқасы

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. 9 мамыр - сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
РГР: Қазақстан және Сталинград шайқасы

Қазақстан 1942 жылдың жазында Сталинград шайқасының ең жақын тылына айналып, соғыс қимылдарына Батыс Қазақстандағы темір жол станциялар мен елді мекендер кеңінен тартылды. Сталинград шайқасы (1942-1943) – совет әскерлерінің 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында 1942 жылғы 17 шілдеден бастап 1943 жылғы 2 ақпанға дейін Сталинград қаласын (қазіргі Волгоград қаласы) қорғау және Дон мен Волга өзендері аралығындағы неміс-фашист әскерлерінің ірі стратегиялық тобын талқандау жолындағы жауынгерлік қимылдары. Ол қорғаныс және шабуыл кезеңдеріне бөлінді.

Сталинград қорғанысы 1942 ж. маусымның аяғында неміс-фашист әскерлері шабуылды күшейте түсті. Брянск, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік майдандарындағы совет жауынгерлері Донның сыртына, Воронежден Клетскіге, Суровикинодан Ростовқа дейін шегінуге мәжбүр болды. Жаудың көздегені Сталинградты басы палу еді. Осы жағдайда Жоғары Бас командованиенің Ставкасы Сталинград бағытында берік қорғаныс ұйымдастыру үшін шұғыл шара қолданды. 12 шілдеде Оңтүстік-Батыс майданы басқармасының негізінде Сталинград майданының жаңа басқармасы құрылды. Оның құрамына 62-, 63-64-армиялар, сонымен бірге бұрынғы Батыс майданның 21-, және 8-әуе армиялары, жаңадан құрылған 1-, 4-танк армиялары, 28-, 38-, 57-армиялардың кейбір бөлімдері кірді. 17 шілдеге бұл майданның қорғаныс шебінің ұзындығы 530 км-ге жетт. Волга мен Дон араларында қорғаныс құрылысы күшейтілді. Партия және совет ұйымдарының шақыруымен оған мыңдаған тұрғындар қатысты.


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: