Әдістемелік көмек / Қазақ тілі мен әдебиеті
"Обал мен сауап" - бақылау диктанты, 7 сынып
Мақсаты: Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану деңгейін анықтау.
Тақырыбы:
Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда келеді. Ол кенет жүрісін тежеді. Құстың иісін сезгендей , төрт тағандап бұға бастады. Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал , ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Балапан жас қанатын дәрменсіз жайып, қимылсыз отыр.
Ит балапанға ептеп жақындады. Кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл алдына келіп, қонды. Байғұстың зәресі кеткен, жүнін үрпитіп шырылдауда. Иттің арандай ашылған тістері ақсиған аузына қарай бір-екі рет тап берді.
Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балбөбегі балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр ете қалды. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп тұр. Оның көзіне ит қандай дәу болып көрінді десеңші! (118 сөз.)
(И.Тургенов)
Тапсырма:
1.Мәтінге тақырып қойыңдар.
2.Мәтіннен етістікті табыңдар, шақ түріне талда.

Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: