Сабақ жоспарлары / Физика

Газдардағы электр тогы. - Физика, 8 сынып, 45 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Газдардағы электр тогы.
Газдардағы электр тогы. - Физика, 8 сынып, 45 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: газдардағы электр өткізгіштіктің физикалық табиғатын ашып көрсету.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 
Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.   
1. Металдардың электр өткізгіштігі
2. Электролиттер деп нені айтады?
3. Электролиттердегі электр тогы дегеніміз не?
4. Электролиз деп нені айтады?
5. Электролиздің қолданылуы.
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Газдар-диэлектриктер.
Төменгі температурада (бөлме температурасы шамасында)  және қалыпты атмосфералық қысымда газдар нашар  өткізгіштер болып табылады. Бұның себебін былай түсіндіруге болады: газдар бейтарап атомдар немесе молекулалардан тұрады және оларда электр зарядын тасымалдаушылар (электрондар, иондар) жоқ немесе өте аз.

Газдардың иондалуы.
Дегенмен, қыздырудың рентген сәулелерінің, ультракүлгін немесе радиактивті  сәуле шығарудың  нәтижесінде газ молекулалары мен атомдарының иондалу процесі жүреді. Газдар өткізгішке айналады.

Иондалудың түрлері.
Газдарды иондаудың ең оңай жолы-қыздыру. Қыздыру кезінде оның молекулаларының энергиясы артады. Энергиясы жоғары молекулалар  (немесе атомдар) соқытығысқан кезде бейтарап атомдардан электрондарды ұшырып шығарады, осы кезде газдарда заряд тасымалдаушылардың екі түрі пайда болады: электрондар және оң иондар. Кейде электрондар бейтарап атомдарға қосылып теріс иондар пайда болады.

Рекомбинация.
Газдардың иондалуымен қатар оған кері процесс, яғни электрондардың оң иондарымен бірігуі рекомбинация (бейтарап атомдардың түзілуі) жүріп жатады. Рекомбингация сыртқы факторлардың әсерінсіз жүреді, сондықтан ионизатордың әсері жойылғанда зарядталған бөлшектер рекомбинация нәтижесінде жойылады да газ диэлектрикке айналады. 

Соққы иондалу.
Иондалған газ орналасқан электр өрісінің кернеуін арттырғанда электрондардың жылдамдығы артады.

Плазма –иондалған газ.

Плазманың түрлері.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§ 48 сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §48
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: