Сабақ жоспарлары / Физика

Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтікше. - Физика, 8 сынып, 46 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтікше.
Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтікше. - Физика, 8 сынып, 46 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: вакуумдегі электр өткізгіштің физикалық табиғатын түсіндіру , термоэлектрондық эмиссия құбылысымыен таныстыру, физикалық білімнің практикалық маңызын ашып көрсету.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.   
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша 

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Вакуум ұғымын енгізу, вакуумде электр  тогының пайда болу жағдайлары. Вакуум өте сиретілген орта. Сондықтан молекулалардың саны аз болғандықтан олардың соқтығысуы   мүмкіндігі болар-болмас. Вакуумде электр тогын тудыру үшін түтікшенің ішіне зарядталған бөлшектер көзін  енгізу қажет. Қазіргі заманғы вакуумдік приборлардың көбінде зарядталған бөлшектер көзі ретінде электрондарды шығаратын қыздырылған катод бөлшектер көзі ретінде электрондарды шығаратын қыздырылған катод (термоэлектрондық эмиссия) пайдаланылады.

2. Термоэлектрондық эмиссия  (сұйықтардың булану құбылысымен салыстыру әдісін пайдалану).   Термоэлектрондық эмиссия–қыздырған кезде метал бетінен электрондардың ұшып шыығу құбылысы. Көбінесе сілтілік металдар пайдаланылады.
3. Металдар мен вакуумдегі өткізгіштікті салыстыру.
4. Электронды сәулелік түтікшенің құрылысы, жұмыс істеу принципі және қолданылуы.
5. Электронды шоқтардың қасиеттері.  

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§49   сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §49
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: