Сабақ жоспарлары / Физика

Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары. - Физика, 8 сынып, 62 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары..
Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары. - Физика, 8 сынып, 62 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: жарықтың сыну құбылысымен таныстыру; жарықтың сыну заңдарын тұжырымдау; ортаның сыну көрсеткіші ұғымын қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
  1. Адам көзінде жарқырауық пуктенін кескіні қалай пайда болады?
    1. Қандай кескін жалған деп аталады?
    2. Жазық айнадағы нәрсе кескінінін ерекшеліктері қандай?
    3. Айналық шағылудың ерекшеліктері қандай?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Ауа және су шекарасында жарықтың сыну құбылысы (тәжірибелер көрсету) Жарықтың сыну құбылысының анықтамасы,
Біртекті ортада жарықтың тузу сызықты таралатыны белгілі. Бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың таралу бағытының өзгеруі жарықтың сынуы деп аталады.
Жарықтың сынуын сипаттайтын шамалар: түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөліп тұрған шекарада түсу нуктесінде жургізілген перпендикуляр.
Жарықтың сынуы кезіндегі жарық сәулелерінің қайтымдылығы.
Жарықтың сыну заңының тұжырымдамасы: 1) түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. 2) Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады. п-ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші.
Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралык ортаның оптикалык қасиеттерімен аиықталады. Тәжірибелік жолмен әр түрлі орта шекараларындағы сыну көрсеткіштері анықталып және кестеге түсірілген.



Заттың ауамен салыстырғандағы сыну көрсеткіші "абсолют сыну көрсеткіші" деп аталатын заттың вакууммен салыстырғандагы сыну көрсеткішіне дәлме-дәл сәйкес келеді.
Жарық бір ортадан екшші ортаға өткенде , сәулелердің сыну себебі әр тұрлі ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы да әр түрлі болады. Берілген екі дене үшін сыну көрсеткіші п=— формуласымен анықталады.Мұндағы с-жарықтың ауадағы (вакуумдегі) жылдамдығы, ал 9- жарықтың ортадағы жылдамдығы.Мұндағы «пг  және пг сәйкесінше, бірінші жоне екіиші ортаның абсолют сыну көрсеткіштері. Абсолют сыну көрсеткіші көп ортаны оптикалық тығыздығы үлкен, ал абсолют сыну көрссткіші аз сртаны оптикалык тығыздығы аз орта деп атайды.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
  1. §67 сұрактарын талдау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Есептер шығару.


16-сурет                                                17-сурет
а) 16-суретте су ішіндегі балыктан шағылған сәуле аркылы жағадан көрінетін кескІн қалай алуға болатыны көрсетілген. А және Б деңгейдін қайсысында балық, қайсысында оның кескіні керсетілген? Кескін кандай-жалған ба, әлде шын ба? Неліктен? Бақылаушы нені көреді, балықты ма, әлде оның кескінін бе? Бақылаушыға өзеннің терендігі қалай көрінеді, шын мәнісіне қарағанда терең, әлде таяз? (Өзенді түбі көрінетіндей мөлдір деп есептендер).
б) Су түбінде жатқан тастың суретін салып, оның кескінін көрсетіңдер (17- сурет).
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §67, 29-жаттығу.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: