Сабақ жоспарлары / Физика
№2 Зертханалық жұмыс - Физика, 11 сынып, 27 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: №2 Зертханалық жұмыс. «Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау. бақылау.»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын бақылау және алған нәтижені түсіндіру; оқушылардың теориялық білімдерін нығайту және практикалық дағдыларын қалыптастыру.
2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері: жарықтың толқын ұзындығын анықтайтын аспап, дифракциялық тор, жарық көзі.
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
b) Тордың периоды деген не?
c) Тор мен экранның арақашықтығы дифракциялық спектрдің ретіне қалай әсер етеді?

Сабақтың барысы:

- Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
b) Тордың периоды деген не?
c) Тор мен экранның арақашықтығы дифракциялық спектрдің ретіне қалай әсер етеді?
- Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
- Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
- Дифракциялық торды аспаптың рамкасына қойып, оны көтерілгіш үстельдің қысқышына бекітіңдер.
- Жылжымалы экранды дифракциялық тордан 50 см қашықтыққа қойыңдар.
- Дифракциялық тор арқылы қарап, аспапты нысана саңылауынан көрінетін етіп қойыңдар. Осы кезде жылжымалы экранның қараңғы реңінде бірнеше ретті дифракциялық спектрлерді көруге болады. Спектрлер көлбеу тұрса, торды олар вертикаль болатындай етіп, бұрып қойыңдар.
- Экрандағы шкала бойынша бірінші реттік спектрдің қызыл және күлгін шекарасын анықтаңдар, сонымен қатар спектрдің жасыл сызығының орнын да байқаңдар.
- Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
Спектрдің реттілігі | Тордың периоды (м) | Тордан экранға (шкалаға) дейінгі қашықтық, а | Спектрдің шкалалары және белгілері, м | Толқын ұзындығы, м | ||||
қызыл | жасыл | күлгін | қызыл | жасыл | күлгін | |||
- Жылжымалы экран мен тордың арақашықтығын өзгертіп, өлшеулерді қайталаңдар. Мұны экранның әр түрлі үш орналасу жағдайы үшін қайталаңдар.
- Есептеу формуласы бойынша қызыл, жасыл және күлгін сәулелер үшінтолқын ұзындығын анықтаңдар.
- Қызыл, жасыл және күлгін сәулелер үшін толқын ұзындығының орташа мәнін анықтаңдар.
- Өлшеу қателігін табыңдар.
- Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: