Сабақ жоспарлары / Физика
Жұлдыздар әлемі. Жұлдызға дейінгі қашықтық. Герцшпрунг-Ресселл. - Физика, 11 сынып, 74 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жұлдыздар әлемі. Жұлдызға дейінгі қашықтық. Герцшпрунг-Ресселл диаграммасы.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша жұлдыздар әлемі және жұлдызға дейінгі қашықтықпен танысамыз.
Айнымалы жұлдыздар
Цефеидтер. Алгольдер жүйесіндегі көрінерлік жарықтықтың өзгерістері жұлдыздардың өздерінің жаркырауының өзгеруінен емес, олардың периодты түрде қайталаньш отыратын тұтылуларынан болады. Сонымен қатар қазіргі кезде нақты түрде жарқырауы өзгеріп отыратын он мыңдаған физикалық айнымалы жұлдыздар белгілі. Олардың біреулерінің жарқырауы дәл периодты түрде, ал екінші біреулерінікі - жиі бұзылып, ретсіз болатын периодтылықпен өзгереді.
Сонымен, мөлшері мен температурасының өзгерісі жұлдыздардың жарқырауының өзгерісіне әкеліп тірейді. Сондықтан да барлық физикалық айнымалы жұлдыздарға тән нәрсе - олардың жарқырауының өзгеруімен бірге олардың спектрінде де қайсы бір өзгерістер, яғни олардың атмосферасының күйінде өзгерістер болып жатады.
Периодты айнымалы жұлдыздардың ішіндегі бір тамашалары - ц е ф е и д т е р. Бұлар - ақ не сарғыштау жұлдыздар, өздерінің атауын цефеидтер кейіптес жұлдыздардың нағыз өкілі Цефеидтегі δ жұлдызынан алып отыр. Оның айнымалылық периоды 5,37 тәулік, ал жарықтығының өзгеру амплитудасы 4,6-дан 3,7 жұлдыздық шамаға дейін. Цефеидтің жарықтығының өзгеру амплитудасы 1,5 жұлдыздық шамадан артық емес, ал периодтары ондаған минуттан бірнеше ондаған тәуліктерге шейін барады. Олардың осы периоды ұзақ жылдар бойы, секундтың үлестеріне дейінгі дәлдікпен тұрақты болып тұрады.
Температура өзгеруіне байланысты цефеидтердің спектрлік тобы да аздап өзгереді. Оның себебі цефеидтер — толқымалы жұлдыздар. Олар дүркін-дүркін (периодпен) ұлғайып және сығылып тұрады. Сыртқы қабаттардың сығылуынан олар қызады.
Цефеидтер екі топқа бөлінеді: қысқа периодты цефеидтер, яғни Лирадағы RR кейіптес, периоды 1 тәуліктен кем жұлдыздар және периоды 2 тәуліктен артық атаулы цефеидтер. Бұлардың алғашқылары ыстығырақ және абсолют шамасы бірдей М = 0,5.
Атаулы цефеидтер сарғыштау, салқындау және олардың мынадай тамаша ерекшелігі бар: атаулы цефеидтердің бәрі - ерекше алыптар және олардың жарқырауы периоды өсуімен бірге жайлап артады. Ең ақырын өзгеретін цефеидтер - ең жарықтары. Периоды 50 тәулікке жуықтаған кезде олар Күннен 10000 есе жарығырақ болады. Цефеидтің жарқырауын оның жарықтығының өзгеру периоды бойынша тағайындап алып, оның абсолют жұлдыздық М шамасын көрінерлік m шамасымен салыстыру арқылы, оған шейінгі қашықтықты мына формула бойынша анықтауға болады:
lgD = 0,2(m-М) + 1.
Сондықтан цефеидтердің жарқырауы оның периодына тәуелді біздің жұлдыздық жүйенің өлшемдерін және оларға шейінгі қашықтықты тағайындау үшін ерекше маңызды.
Жарық, цефеидтер-алыптар Әлемнің шамшырақтары тәрізді бізге қияннан көрінеді.
Оларға қарап, біз өзіміздің жұлдыздық жүйенің бейнесін, яғни оның шартарапқа қаншалықты алыстап жайылатынын бағдарлаймыз.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§10.3. дайындық сұрақтарын талдау.
Есептер шығару. 10.3.1-10.3.3
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §10.3 Есептер шығару. 10.3.4-10.3.7
- Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұлдыздар әлемі және жұлдызға дейінгі қашықтықпен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша жұлдыздар әлемі және жұлдызға дейінгі қашықтықпен танысамыз.
- Жұлдыздар қандай энергия көздерінің есебінен жарықшығарады?
- Жұлдыздарда қандай реакцияның есебінен темір элементінен жеңіл химиялық элементтер пайда болады?
- Жұлдызды беткі қабатының температурасын қалай анықтауға болады?
- Жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөліп, оған атаулар тағайындаған кім?
Айнымалы жұлдыздар
Цефеидтер. Алгольдер жүйесіндегі көрінерлік жарықтықтың өзгерістері жұлдыздардың өздерінің жаркырауының өзгеруінен емес, олардың периодты түрде қайталаньш отыратын тұтылуларынан болады. Сонымен қатар қазіргі кезде нақты түрде жарқырауы өзгеріп отыратын он мыңдаған физикалық айнымалы жұлдыздар белгілі. Олардың біреулерінің жарқырауы дәл периодты түрде, ал екінші біреулерінікі - жиі бұзылып, ретсіз болатын периодтылықпен өзгереді.
Сонымен, мөлшері мен температурасының өзгерісі жұлдыздардың жарқырауының өзгерісіне әкеліп тірейді. Сондықтан да барлық физикалық айнымалы жұлдыздарға тән нәрсе - олардың жарқырауының өзгеруімен бірге олардың спектрінде де қайсы бір өзгерістер, яғни олардың атмосферасының күйінде өзгерістер болып жатады.
Периодты айнымалы жұлдыздардың ішіндегі бір тамашалары - ц е ф е и д т е р. Бұлар - ақ не сарғыштау жұлдыздар, өздерінің атауын цефеидтер кейіптес жұлдыздардың нағыз өкілі Цефеидтегі δ жұлдызынан алып отыр. Оның айнымалылық периоды 5,37 тәулік, ал жарықтығының өзгеру амплитудасы 4,6-дан 3,7 жұлдыздық шамаға дейін. Цефеидтің жарықтығының өзгеру амплитудасы 1,5 жұлдыздық шамадан артық емес, ал периодтары ондаған минуттан бірнеше ондаған тәуліктерге шейін барады. Олардың осы периоды ұзақ жылдар бойы, секундтың үлестеріне дейінгі дәлдікпен тұрақты болып тұрады.
Температура өзгеруіне байланысты цефеидтердің спектрлік тобы да аздап өзгереді. Оның себебі цефеидтер — толқымалы жұлдыздар. Олар дүркін-дүркін (периодпен) ұлғайып және сығылып тұрады. Сыртқы қабаттардың сығылуынан олар қызады.
Цефеидтер екі топқа бөлінеді: қысқа периодты цефеидтер, яғни Лирадағы RR кейіптес, периоды 1 тәуліктен кем жұлдыздар және периоды 2 тәуліктен артық атаулы цефеидтер. Бұлардың алғашқылары ыстығырақ және абсолют шамасы бірдей М = 0,5.
Атаулы цефеидтер сарғыштау, салқындау және олардың мынадай тамаша ерекшелігі бар: атаулы цефеидтердің бәрі - ерекше алыптар және олардың жарқырауы периоды өсуімен бірге жайлап артады. Ең ақырын өзгеретін цефеидтер - ең жарықтары. Периоды 50 тәулікке жуықтаған кезде олар Күннен 10000 есе жарығырақ болады. Цефеидтің жарқырауын оның жарықтығының өзгеру периоды бойынша тағайындап алып, оның абсолют жұлдыздық М шамасын көрінерлік m шамасымен салыстыру арқылы, оған шейінгі қашықтықты мына формула бойынша анықтауға болады:
lgD = 0,2(m-М) + 1.
Сондықтан цефеидтердің жарқырауы оның периодына тәуелді біздің жұлдыздық жүйенің өлшемдерін және оларға шейінгі қашықтықты тағайындау үшін ерекше маңызды.
Жарық, цефеидтер-алыптар Әлемнің шамшырақтары тәрізді бізге қияннан көрінеді.
Оларға қарап, біз өзіміздің жұлдыздық жүйенің бейнесін, яғни оның шартарапқа қаншалықты алыстап жайылатынын бағдарлаймыз.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§10.3. дайындық сұрақтарын талдау.
- Оптикалық қос жұлдыздар жылтырауының өзгеру қисығын тұрғызуға бола ма?
- Аса жаңа жұлдыздар жылтырауының өзгеруі неден болады?
- Цефейдтер арқылы жұлдыздың массасын анықтауға бола ма?
- Пульсарлар айнымалы жұлдыздардың қандай түріне жатады?
Есептер шығару. 10.3.1-10.3.3
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §10.3 Есептер шығару. 10.3.4-10.3.7
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар:
Басқа жаңалықтар:
Жұлдыздар әлемі. Жұлдызға дейінгі қашықтық. Герцшпрунг-Ресселл. - Физика, 11 сынып, 72-73 - сабақ
Жұлдызды аспан және жұлдыздар арқылы бағдар жасаудың негізгі принциптері - Физика, 11 сынып, 71 - сабақ
Электромагниттік толқындар энергиясы - Физика, 11 сынып, 18 - сабақ
Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықты анықтау. - Физика, 9 сынып, 40 - сабақ